Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5519 0 пікір 31 Желтоқсан, 2011 сағат 07:38

2011. Қоғам және дін

Бұқара мен биліктің үрейін қашырған әсіредіншілдер тарапынан жасалған қанды оқиғалар да осы жылдың еншісінде. Ақтөбеден басталып, Атырау, Тараз, Балқаш, Боралдайды шарпып өткен лаңкестік оқиғалар қоғамның қатты қарсылығына ұшырап, билік тарапынан тойтарыс тапты.

Әбден ширыққан діни ахуал үкіметке діни істер жөніндегі агенттік құрғызып, дін туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мәжбүр етті.

Ал, қоғам ұлттық мәселелерге үн қосып, қуаттауын тоқтатқан жоқ. Бұл үрдіс жыл сайын жанданып келе жатқанын 2011 жыл тағы бір дәлелдеді. Әлбетте, Ресейге арқа сүйеген ел ішіне іріткі салушы орыс ұйымдары да қарап қалған жоқ. Бірақ, олардың әрбір әрекеті қоғам тарапынан қатты сынға ұшырап, беті қайтты.

Және Алматыдағы Думан ықшам ауданында біреудің босағасында есіл өмірі өтіп жатқан талай қазақ Алматы-Талғар тас жолының солтүстік шығыс жағындағы бос жерге қазық қақпақ болып, ақыры, жергілікті билік тарапынан таяқ жеп тарқады. Бұл да биліктің қазаққа қатынасының бір көрінісі болды.

(Бұл тақырыпқа қатысты мақалаларды мына жерден оқи аласыздар: http://old.abai.kz/content/endi-lankes-atandyk-pa, http://old.abai.kz/node/9298, http://old.abai.kz/node/9419, http://old.abai.kz/content/baizhan-dubai-atys-atyrauga-auysty, http://old.abai.kz/content/tarazdagy-okiga-dini-ekstremizm-meselesi-eli-de-ashyk-k-iinde-kalyp-otyrganyn-korsetti-kmdb, http://old.abai.kz/content/tarazdagy-zharylysty-zhi-ad-zholyn-ystanushy-zhasagan, http://old.abai.kz/content/yly-dala-kozgalysynyn-melimdemesi)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036