Армения Халықаралық құқық нормасын өрескел бұзды
Ешкім ешқашан өз жерінен оңай айырылмайды. Кез келген халық оны қайтаратын уақытты күтіп жүреді.
Армения Таулы Қарабақты Әзербайжаннан 1992-1994 жылдары ресейлік армияның үлкен қолдауымен тартып алды. Осы күнге дейін Әзербайжан күш жинап, өз жерін қайтарып алатын ұрымтал тұсты күтіп келді. Мен оларды жақсы түсінемін, ата-бабалар жері қашан да қымбат.
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымы мүшесі ретінде қандай жағдай болмасын, Халықаралық құқық нормасын өрескел бұзған Арменияға ешқандай көмек көрсетпеуі керек. Мәселе, әзербайжан мен қазақтардың бауырлас түркілер болуында да емес, мәселе бұлай әскери күш қолданып көршінің жерін тартып алуға болмайтынында. Бұл оп-оңай бола салмайды. Қашан да жауап беретін күн туады.
Мұхтар Тайжанның жазбасы
Abai.kz