Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3182 0 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 11:18

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік ақпаратынша, оның 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), 3481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген.

ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға қатысты болып отыр - тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай - 3579 адам, Өзбекстан - 1774, Түркия - 1 661, Үндістан – 1266 және Ұлыбритания - 1081.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.

2020 жылға ШЖК тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661