Жұма, 22 Қараша 2024
3461 0 пікір 29 Қыркүйек, 2020 сағат 11:55

Еліміздегі жұмыссыздар саны қанша?

2020 жылдың екінші тоқсанында елімізде 454 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл 2019 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 2,8% көп. 

Finprom.kz-тің мәліметінше, Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5% құрады, ал бір жыл бұрын 4,8% болған.

Жұмыссыз қалған ер адамдар саны 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, әйелдер арасында 5,4%.

Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде төмен. Осылайша, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адамды, қалаларда 279,2 мың адамды құрап отыр.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жұмыссыздардың көп бөлігі елдің оңтүстік аймақтарында тұрады: Алматы қаласы, Алматы облысы және Түркістан облысы. Алматыда 54 мың жұмыссыз адам бар, Алматы облысы тұрғындарының 49,4 мыңы, Түркістан облысы тұрғындарының 42,3 мыңы жұмыссыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299