Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 5817 7 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 16:57

Кирилл Божконың дөрекі сөздерінің елдегі этносаралық жағдайға әсері туралы

(«Таулы Қарабақтағы эскалацияның және Кирилл Божконың дөрекі сөздерінің Қазақстан Республикасындағы этносаралық жағдайға әсері туралы»)

2020 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелерінің, Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Мурадов пен Н.Микаелян, Қазақстанның әзербайжандар қауымдастығының төрағасы А.Хамедов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Шойкин, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылар тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, БҒМ ҒК мемлекет тарихы Институты, «Nur Otan» қоғамдық саясат Институты өкілдерінің қатысуымен «Этносаяси дискурс: Таулы Қарабақтағы эскалацияның ҚР этносаралық жағдайына әсері және К.Божконың дөрекі сөздері туралы» сараптамалық кездесу өтті.

Кездесуді министрліктің ЭҚДК және ҚХА-мен бірлесе отырып, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Талқылау барысында сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Наринэ Микалеян мен Қазақстан әзербайжандары қауымдастығының төрағасы Әбілфас Хамедов Таулы Қарабақта болып жатқан қақтығыс Қазақстан армяндары мен әзербайжандарының достық қатынастарына ешқандай кері әсер етпегенін атап өтті. Спикерлер екі елдің көшбасшыларының қақтығысты бейбіт жолмен шешетініне сенім білдірді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов бейбіт тұрғындар мен отбасы зардап шеккен әскери қақтығыстардың гуманитарлық салдарына назар аударды. Кездесуге қатысушылар өз тарапынан халықаралық қарарларды ұстанудың маңыздылығын, сондай-ақ келіссөздер процесінің қажеттілігін атап өтті.

Кирилл Божконың қатысуымен «YouTube» арнасындағы резонанстық бейнетүсірілім мәселесін талқылай отырып, сарапшылар мұндай мәлімдемелерге жол бермеу туралы айтты.

Бұл фактіні арандатушылық ретінде бағалап, құзырлы органдар тарапынан құқықтық бағалау қажеттігі және бұл жерде қылмыс құрамы анық бар екендігі атап өтілді. Мұндай арандатушылық мәлімдемелер әлеуметтік желілерде одан әрі таралмауы үшін өз ұстанымымызды нақты көрсетіп, жұмысты күшейтуіміз керек деген пікірлер де айтылды.

Сонымен қатар, сарапшылар азаматтарды медиасауаттылыққа оқытуға деген қажеттіліктің артып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі заманғы жағдайлар қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында осындай жайлардың алдын алуды көздейтін құқықтық нормаларды енгізу қажеттілігін белгіледі.

«Nur Otan» қоғамдық саясат Институты директорының орынбасары Еділ Оспан бұл бейнероликті қарағандардың бәрі, сондай-ақ Кирилл Божконың өзі де ақпараттық соғыстың нәтижесінде зардап шекті деп санайды. Оның айтуынша, заңнамалық базаны тексеріп, оны өзгерген жағдайға сәйкестендіру қажет. Қоғамда инклюзивті идеяларды, әртүрлі адамдар мен пікірлерді қабылдау мен құрметтеуді қалыптастыру, диалог мәдениетін дамыту маңызды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сараптама алаңы форматындағы этносаяси дискурс тұрақты түрде өтіп, этносаралық қатынастар мәселелерін ашық талқылауға бағытталатын болады.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5910