Президент Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
1 қазан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен: Әркен Хамитұлы Өтенов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.
Жаслан Хасенұлы Мәдиев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2 қазан күні: Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Ол ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Abai.kz