Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 2112 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 14:20

«Ұлттық кеңестің басты еңбегі – саяси реформалар топтамасы»

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіні бір жылдан астам уақытта қандай маңызды жұмыстарды тындырды? Бұл сұраққа Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жауап берді.

Министр Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің YouTube желісіндегі ресми арнасындағы «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасына берген сұхбатында Ұлттық кеңестің бір жыл ішіндегі жұмысын қорытындылады. Балаева аталған бағдарламаның алтыншы шығарылымында аталған кеңестің басты еңбегі, жоспары мен келешегі жайлы өз ойын айтты бөлісті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жылдан енді ғана асса да, осы аз ғана уақыт аралығында қоғамдық маңызы бар көптеген игі жұмыстар атқарылды. Ол жұмыстар барша қоғам назарын өзіне аударып, оң нәтиже көрсете алды деп есептейді министр.

Сонымен қатар, министр ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қолға алған істерінң ең негізгі нәтижесі саяси реформалар топтамасын қалыптастыру деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, қоғамдық сенім кеңесінің қабырғасында «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Сайлау туралы және «Саяси партиялар туралы» заңдарға өзгеріс енгізілген, сондай ақ «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Бұларға қоса, қоғамдық кеңестің қызмет бастаған сәттен бері қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыс санатынан алынып, әкімшілік кодекс қатарына қосылды. Сонымен қатар қылмыстық кодекстің 174- бабындағы бас бостандығына айыру туралы жаза айыппұл салуға алмастырылып, өзгеріс енгізілді. Бұдан бөлек тағы «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданды. Шетелдік жұмыс күштеріне бөлінетін квота екі есеге қысқартылды. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану жұмыстары аясында жеті миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жұмысты жүзеге асыру үшін космостан мониторинг жобасы іске қосылып, жүзеге асырылды.

Министрдің айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Қазақстанда қоғамдық ой еркіндігіне, пікір әр алуандығына шектеу жоқ екенінің айқын көрінісі болды. Сол үшін де кеңес өз қызметін жалғастыра беруге толық мүмкінді бар. «Халық үніне құлақ асатын мемлекетте» мұндай кеңестің жұмыс істеуі ақылға қонымды деп есептейді министр. Қоғамдық сенім кеңесі бір саламен ғана шектеліп қалмай, уақыт талабына сай жаңарып, көтеретін мәселелері де үнемі толысып, дами беретін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5907