Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 4676 7 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 13:55

Ақорда: Бұл сол елдің ішкі мәселесі!

Қырғызстандағы жалпыхалықтық митингтерге қатысты Ақорда пікір білдірді. Ақорданың ресми пікірін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мырза «Facebook-тағы» парақшасында жариялады.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды.

Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, Қырғызстанда жалпыхалықтық толқулар Парламент сайлауының қорытындылары жарияланғаннан кейі, кеше басталған. Қазіргі уақта наразы халық қамаудағы бірнеш саясаткерді босатып, Президент резиденциясы мен Парламент ғимаратын басып алған.

Қамаудан босағандар ішінде елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаев, экс-премьер-министр Сапар Искаков, экс-депутаттар Садыр Жапаров пен Равшан Жээнбековтер бар.

4 қазанда Қырғызстанда Жогорку Кеңештің VII шақырылымына сайлау өтті. Оған 16 партия қатысты. Олардың тек төртеуі ғана 7 проценттік межеден өтті.

Жеңілген партиялар сайлауы кезінде әкімшілік ресурстардың көмегімен өрескел заң бұзушылықтардың орын алғанын мәлімдеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052