БАҚ: Жээнбеков «жоғалып» кетті...
Өзін-өзі Қырғызстанның Ішкі істер министрі деп жариялаған Курсан Асанов (бұрынғы Ішкі істер вице-министрі) президент Сооронбай Жээнбековтің «жоғалып» кеткенін, оның қазір қайда екенін білмейтінін айтыпты. Бұл туралы қырғыз ақпарат құралдары жазып жатыр.
Курсан Асановтың қазіргі лауазымы – Қырғызстан Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы және Бішкек коменданты екен. Ол бүгінгі баспасөз брифингінде президент Сооронбай Жээнбеков пен әлі күнге отставкаға кету туралы өтініш бермеген (заң жүзінде министр) Ішкі істер министрі Кашкар Жунушалиевтің қайда екенін білмейтінін айтыпты.
«Шынымды айтсам, қазір мен мүлде басқа шаруалармен айналысып жатырмын. Біз Бішкекте қайта тәртіп орнатып жатырмыз. Өздеріңіз көргендей, кешеден бері ерікті халық жасақтарымен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, жаппай бейберекетсіздіктің алдын алдық. Біз қазір де осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Ал Жээнбековті іздеумен басқа құрылымдар айналысады деп сенемін», - депті Асанов.
Естеріңізге сала кетейік, 4-5 қыркүйек күндері Бішкекте болған жалпыхалықтық наразылықтар кезінде (төңкеріс) митингілеткен жұрт «Ақ үйді» (президент резиденциясын) басып алған. Сол кезде «президент Сооронбай Жээнбеков Бішкекті тастап қашып кетті», деген қауесет тараған. Кейін Жээнбековтің баспасөз хатшысы Қырғызстан президентінің ешқайда қашпағанын, Бішкекте екенін және жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген.
Осыдан кейін Соронбай Жээнбеков Қырғызстан халқына және оппозициялық саяси күштер лидерлеріне қарата біреше жедел үндеу жасап, тараптарды келіссөзге шағырған. Алайда ешқандай ресми келіссөздер болмаған.
Abai.kz