Хабарларға қарағанда, өзбек шекарашылары 1967 жылы туған Тілек Матраимовты, 1989 жылы туған Зиябиддинбек Кочкорбаевты және 1979 жылы туған Махсуд Ахмедовты Қырғызстанға тапсырған.
ҰҚМК мәліметі бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Олар комитеттің тергеу изоляторында отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, 6 қазанда Өзбекстан аумағына заңсыз өткен төрт адам ұсталды. Олардың бірі - қырғыздың Ош облысы Кара-Суу ауданының әкімі Тілек Матраимов. Шенеуніктің қасында баласы, жиені және жеке қорғаушысы болған.
Тілек Матраимов сегіз жыл бұрын аудан әкімі болып тағайындалған. Парламент сайлауы қарсаңында ол денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығатынын айтқан. Тілек Матраимов - Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың інісі.
Abai.kz