Атыруда карантин шаралары ұзартылды
Атырау облысында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды.
Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес,
Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады;
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін қысқарады;
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне, азық – түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс жасау уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқарады;
Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылады;
Саяхаттау катерлер қызметі (өзен трамвайы) тоқтатылады.
Демалыс және мереке күндері:
Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі тоқтатылады;
Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметі тоқтатылады;
Қоғамдық орындарда маска тағу режимін сақтау маңызды болып қала береді!
Abai.kz