ЕО: Тәжікстан ЕЫҚҰ ұсынысын елемеді
Еуропалық одақтың ресми өкілі Питер Стано Тәжікстан билігі Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы миссиясының наурыз айында өткен парламент сайлауынан кейінгі ұсыныстарын елемеді деп мәлімдеді.
Атап айтқанда, тәуелсіз БАҚ пен саяси плюрализмді қамтамасыз етпеді.
Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы 12 қазанда қазіргі президент Эмомали Рахмонның 90,92 процент дауыс жинап, жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Тәжікстан билігі соңғы жылдары халықаралық ұйымдар тарапынан тәуелсіз БАҚ өкілдері қудаланады деп сынға алынып келеді. Еуропалық одақ ЕҚЫҰ бақылаушыларының ұсынысын жүзеге асыру үшін көмектесуге дайынбыз деп мәлімдеді.
Ал Тәжікстанда өткен президент сайлауының нәтижесі бойынша ЕҚЫҰ бақылаушылары бір жарым айдың ішінде мәлімдеме жасайды.
Тәжікстанның Ұлттық альянсы жетекшісі Мухиддин Кабири президент сайлауын заңсыз деп танитынын жеткізді. Ол сайлау демократия талаптарына мүлдем сәйкес келмеді деді.
"Группа 24" оппозициялық тобының лидері Сухроб Зафар да президент сайлауының нәтижесін мойындамайтынын жеткізді.
Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1994 жылдан бері басқарып келеді. Тәжікстанның сайлау заңдарына сәйкес, бір адам екі мерзімнен астам президент бола алмайды. Бірақ 2016 жылы Конституцияға өзгеріс енгізіліп, Эмомали Рахмонды Ұлт лидері ретінде танып, оған сайлауға түсуге шексіз мүмкіндік берілді.
Дереккөз: Centralasian.org
Abai.kz