Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5059 4 пікір 13 Қазан, 2020 сағат 13:58

Шовинизмнің балалайтын әдеті бар!..

Дін өкілдерін пропаганда құралы ретінде пайдаланып отырған билік қазақ емес, орыс аудиториясымен жұмыс істеуі керек!

Айналайындар, бізден қауіп жоқ. Қазақ аудиториясы өткен 30 жылдың әділ бағасын әлдеқашан беріп қойған.  Ақшаны орыстілді аудиторияны қазақтандыруға бағыттаңдар оданда.

Ел ішіне ылаң салатындар орыстілді ортада өріп жүр. Айталық, Рудныйдан шыққан Божконың бойында қазаққа деген өшпенділік қалай қалыптасты? Шовинизмнің балалайтын әдеті бар. Божконың өзі ғана емес, қойнындағы қатыны да, бауырындағы баласы да сондай демек. Ортасы да.  Бұл мемлекеттің ақпараттық салада жіберген ақауы.

Билік Божко секілділердің қандай контентті тұтынып отырғанына бас қатырғысы келмейді. Ресей пропагандасы тұтас Рудныйды торлап алған болуы мүмкін. Оған кім ойланып жатыр?

Ақпараттық саясат - Тоқаевтың «Ана тілге» берген сұхбатын жәй ғана сұхбат емес, пропагандаға айналдыруды білдіреді.

Солай.

Думан Бықайдың жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489