Халықаралық француз радиосының мәліметіне қарағанда, ірі манифестациялар Париж, Лион, Бордо, Старсбург, Лилль, Нант, Марсель және басқа да қалаларда өткен.
Париждегі Республика алаңына жиналған мыңдаған адамның арасында елдің премьер-министрі, білім министрі, Париж мэрі және басқа да саясаткерлер болды.
Акцияларды сатиралық Charlie Hebdo басылы мен мұғалімдердің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. Қатысушылар сөз бостандығын жақтап, елде заңдардың сақталуын талап етті.
47 жастағы Самюэль Патиді Мәскеуде туылған Абдулла атты 18 жастағы шешен қашқын өлтіргенін француз билігі мәлімдеді. Қол салған күдікті полиция тарапынан өлтірілген. Оқиға Парижде 16 қазанда болған.
Ақпаратқа қарағанда, тарих және география мұғалімі сөз еркіндігін алға тартып, Charlie Hebdo журналы жасаған Мұхаммед пайгамбардың карикатурасын көрсеткен.
Бұл іс бойынша 11 адам қамалды. Арасында мұғалімге қол салған адамның туыстары және исламшыл активист Абделаким Сефриуи де бар.
Abai.kz