Той өткізгендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодар қаласында карантин режимін сақтау бойынша бақылау топтарының рейдтік іс-шаралары жалғасуда. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты мәлімдеді.
-10 күннің ішінде мониторинг тобы 80-нен астам нысанды қамтып, оның 45-інде заң бұзушылықтарды анықтады. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мысалы, өткен демалыс күндері бірден төрт отбасылық мерекелік шара анықталды, - дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Малайсары батыр көшесіндегі мейрамханада бірден екі үйлену тойы ұйымдастырылса, Гагарин көшесіндегі дәмханада тағы бір той өткізіліп жатқан. Барлық фактілер бойынша материалдар жиналып, тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Abai.kz