Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5293 5 пікір 26 Қазан, 2020 сағат 12:48

Мен не үшін өкінемін?

Кезінде алаш баласы үшін жан берген ақиық арда ақынымыз Мағжан: «Мен жастарға сенемін» деп еді. Өкініштісі қазіргі билік жастарға сенбейтін секілді. Мұны қазіргі парламентте отырғандардың жас құрамына қарап-ақ байқауға болатындай. Мына тізбеге (әлеуметтік желіден алынды! Қараңыз:

80+ жас – 1 адам 0,7%

70-74 жас – 4 адам 2,7%

65-69 жас – 21 адам 14,3%

60-64 жас – 34 адам 23,1%

55-59 жас – 44 адам 29,9%

50-54 жас – 21 адам 14,3%

45-49 жас – 11 адам 7,5%

40-44 жас – 4 адам 2,7%

35-39 жас – 6 адам 4,1%

30-35 жас – 1 адам 0,7%

Бойдан күш қайтқан, ешқандай айтары жоқ, бастама көтере алмайтын қаншама шал-шауқан, кеміпрлер әлі депутат болып отыр. Осылар өз еркімен бас тартып орындарын жастарға берсе ғой. Жастар мемлекет үшін үлкен пайдалы істер жасар еді. Мемлекеттің, ұлттың мүддесін көздейтін игі заңдарды дүниеге әкелер еді. Амал қанша шал-кемпірлер орындарын босатқысы жоқ.

Тіпті биыл парламентте отырған депутаттарға 14 млрд.391 миллион теңге бөлініп жатыр екен. Яғни әр депутатқа 92 миллионнан астам ақшадан келеді екен. Парламенттегі азын-аулақ жастарды айтпай-ақ қоялық, масыл болып отырған қаншама жасы үлкен адамдарды қашанғы асырай береміз?

Түсініксіз. Қазір алда тағы парламент сайлауы келе жатыр. Тағыда сол ата-апаларымыз біразы парламентке келері айқын. Демек тағыда сол масылдарды асырауға тиіспіз. Неге?

Азаматхан Әміртайдың жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349