Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2746 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 11:19

Қазақстан жобаның техникалық жақтары қаралған соң Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке елде ядролық отын банкін құру туралы ресми ұсыныс жасайды– ЭМРМ

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Қазақстан жобаның техникалық жақтары қаралған соң Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (АЭЖХА) елде ядролық отын банкін құру туралы ресми ұсыныс жасайды, деп хабарлады энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы  Тимур Жантекин.
«Жоба (ядролық отын құру бойынша - ҚазТАГ) әзірлену үстінде. Қазір техникалық бөліктері дайындалып жатыр және банкті орналастыру орындары қарастырылуда, өйткені ондай бірнеше орын бар. Менің ойымша, егер жобаны техникалық жүзеге асыру кезеңіне жетсек, Қазақстан АЭЖХА-ға ресми өтініш жасайды», - деді ол дүйсенбі күні радиобелсенді заттармен ластанған аймақтарды қалпына келтіру мәселелері бойынша халықаралық конференцияның барысында өткен баспасөз-брифингінде.
Ол жобада экологиялық мәселелер де қарастырылып жатқанын атап көрсетті. «Егер жоба жүзеге асырылса, қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау міндетті шарт болады. Әрине, егер табиғат ортасына теріс әсері болса, ондай жоба жүзеге асырылмайды», - деп сендірді комитет басшысы. Оның айтуынша, жоба экологияға ешқандай зиян келтірмейді деп болжанып отыр.

Өз кезегінде АЭЖХА ядролық-отын циклі және радиоактивті қалдықтарды сақтау технологиялары бөлімінің директоры Ханс Форстрем әзірге Қазақстан ядролық агенттікке отын банкін құруға қатысты ресми ұсыныс жасамағанын жеткізді. «Бірақ, егер республикадан осындай ұсыныс түсіп жатса, біз оны қанағаттанарлық сезіммен қабылдаймыз деп ойлаймын», - деп атап көрсетті ол. 
Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық процестегі жетекшілердің бірі болып табылады. Сәуір айының басында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өз аумағында халықаралық ядролық отын банкін орналастыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін жеткізді, бұл ыдыраушы материалдар мен байыту технологиялардың таратылу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610