Пашинянның әйелі де соғысқа аттанбақ
Армения премьері Никол Пашинянның әйелі Анна Акопян Таулы Қарабаққа, соғысқа аттанбақ. Ол жақында «Facebook» желісіндегі парақшасында: «Отанының шекарасын қорғауға» баратынын жазған.
Акопянның айтуынша, өзін қосқанда 13 әйелден тұратын әйелжер жасағы бірнеше күн бойы әскери жаттығу өткізіп, артынша Қарабаққа кетеді-мыс.
«Бірнеше күннен кейін біз шекарамызды қорғауға аттанамыз. Біз отанымыз бен қадір-қасиетімізді жаудың қолына беріп қоймауымыз керек», - деп жазыпты Анна Акопян.
Айта кетейік, осыған дейін Пашинянның жалғыз ұлы да Қарабақтағы соғысқа аттанған еді.
Abai.kz