Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
4126 1 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 13:36

Ауылдық елді мекендер ауыз сумен қашан қамтылады?

2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. 

Министр жоспар бойынша, 2025 жылға дейін 11 топтық су құбырлары қайта жаңартылып, жөнделетінін айтты. Оның ішінде, бірқатар су құбырлары ұзартылады.

«Осының арқасында бұған дейін сапалы суы болмаған 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл 103,7 мыңға жуық адамды қамтиды. Сонымен қоса, 321 ауылдық елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жаңартылатын болады. Бұл, өз кезегінде 524,6 мың адамды қамтиды», — деді министр.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға дейін топтық су құбырлары жобаларына 133,1 млрд астам теңге қаражат бөлу жоспарда бар.

Оның ішінде жаңадан салуға 14,5 млрд теңге, ал қайта жаңартуға 118,6 млрд теңге бөлінбек.

«Осының есебінен алдағы бес жылда жаңадан 1469 шақырым құбыр желілері салынады және 1724 шақырымы қайта жаңартылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді М. Мырзағалиев.

Атқарылатын жұмыстардың арқасында бұрын ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 90 ауылдық елді мекенге су құбыры жеткізіліп, 105 мың тұрғынға сапалы ауыз су қолжетімді болады.

Сонымен қатар, 321 елді мекеннің ауыз су беру жүйесі жөнделіп, жаңартылады. Бұл 524,6 мыңнан астам адамды қамтиды.

Жалпы, 5 жыл ішінде 3 мыңнан астам шақырым топтық су құбырлары салынады. Ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 100% пайызға жеткізу жоспарланған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1935