Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
2605 0 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 20:11

«Жыл волонтері» болуға кім лайықты?

Осыған дейін, 16 қазанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» байқауын жариялаған болатын. 26 қазаннан бастап аталмыш байқауға өтінімдер қабылдау басталды. 

«Егер сіз ерікті немесе еріктілер ұйымында қызмет ететін болсаңыз ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған осы байқауға қатыса аласыз», - делінген министрлік ақпаратында.

Бұған дейін «Жыл волонтері» байқауының жалпы ережесі министрліктің ресми сайтында жарияланған.

«Жыл волонтері» бұл – халықаралық сыйлық. Бұл - әлеуметтік салада қоғамға пайдалы жұмыстар атқарған азаматтарға берілетін ақшалай емес сыйлық. Аталмыш сыйлық төмендегідей 16 номинация бойынша беріледі.

1) Үздік еріктілер ұйымы;

2) Ұйымдық еріктілер көшбасшысы;

3) Covid-19-бен күреске қатысқан еріктілер;

4) Тұрақты даму көшбасшылары;

5) Үздік әлеуметтік көмекші;

6) ТЖ жағдайында белсенділік танытқан еріктілер;

7) Жоғалған адамдарды іздеуде белсенділік танытқан еріктілер;

8) Құқық-бұзушылық құрбандарына көмектескен еріктілер;

9) Денсулық сақтау саласының еріктілері;

10) Салауатты өмір салтын насихаттаған еріктілер;

11) Білім саласының еріктілері;

12) Қоршаған ортаны қорғау саласының еріктілері;

13) Бейбітшілікті, достық пен ынтымақты насихаттаған еріктілер;

14) Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және насихаттауға үлес қосқан еріктілер;

15) Жан-жануарларды қорғауға үлес қосқан еріктілер;

16) Әлеуметтік міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер.

Айта кетейік, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Аталмыш байқауға өтінім қабылдау 26 қазанда басталған. Байқауға қатысу үшін «qazvolunteer.kz» порталында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыру қажет. Өтінім қабылдау 2020 жылдың 15 қарашасы күні аяқталады. Жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия анықтайды. Комиссия құрамында мемлекеттік және уәкілетті органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1948