Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Анық 8691 16 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 12:13

ЖІӨ: Ресей 5 жылдан кейін Түркіменстанмен теңеседі

Халықаралық валюта қоры Ресей өмір сүру деңгейі бойынша әлемдік рейтингте төмен қарай жылжи береді деп санайды. 2020 жылдың соңында Ресей Федерациясы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бойынша әлемде 68-ші орын алады.

Ресей экономикасы орта есеппен бір адамға шаққанда 9,97 мың долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,6 мың немесе 14%-ға аз. Халықтың орташа табысының көрсеткіші болып саналатын, доллармен қайта есептелген жан басына шаққандағы ЖІӨ Ресейде 2016-17 жылдардағы деңгейіне түсті.

2025 жылға қарай Ресей жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша әлемдік рейтингте тағы екі позициясын жоғалтады және 12,97 мың доллар көрсеткішімен 70-ші орынға қайта түседі, деп болжайды ХВҚ. Нәтижесінде Ресейдің өмір деңгейі іс жүзінде Түркіменстанмен (12,85 мың доллар) теңеседі. Қазір Ресей Түркіменстаннан 20%-ға алда тұр. Бірақ бұл алшақтық алдағы 5 жылда толығымен жойылатын болады, деп хабарлады қор.

ХВҚ-ның есептеулері бойынша Қазақстан да Ресейді басып оза алады. Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ биыл 8,78 мың доллар көлемінде (74-ші орын). Ал 2025 жылға қарай 13,09 мыңдық көрсеткішпен 69-ші орынға көтерілуі мүмкін.

Қытай Ресейді 2020 жылы басып озды. ХВҚ-ның бағалауы бойынша, олардың жан басына шаққандағы ЖІӨ 10,84 мың доллардан 2025 жылы 16,28 мыңға дейін өседі.

Қазір ХВҚ-ның есептеулері бойынша, Ресей өмір сүру деңгейі бойынша дамыған елдерден 4,5 есе артта қалды. Жан басына шаққанда ЖІӨ дамыған елдерде - 46,35 мың долларға жетті. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 58,65 мың долларға дейін өседі, ал айырмашылық 5 есеге жуықтайды.

Керімсал Жұбатқанов,

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052