Жұма, 22 Қараша 2024
3204 0 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 17:54

«Баспана хит» жобасы бойынша 44 228 өтініш қабылданды

«7-20-25» операторынан қолданыста болған тұрғын үйлерге арналған «Баспана хит» ипотекалық жобасына өзгерістер енгізілді. Бұдан былай аталған бағдарлама негізінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға рұқсат етіледі және бағдарламаға үлестік құрылыс кіреді. Қазіргі таңда сатып алынған баспананың шекті құны көтерілді.

Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында көтерілген және экс-президенттің бизнесті қолдау аясындағы ұзақ мерзімді несие беру тапсырмасын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар Қазақстан Респубилкасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың 1 қыркүйегінде жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын ел халқына арналған Жолдауында айтылған экономиканың нақты секторларын несиелеу керектігі туралы тапсырмасын іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының «Тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру тәсілдері» деп аталатын қаулыға өзгерістер енгізді.

Аталған шараның негізгі міндеті тұрғын үй нарығындағы ұзақ мерзімді несиелеуді жандандыру, экономикадағы ұзақ мерзімді банктік кредиттеуді кеңейту сонымен қатар халықтың әртүрлі топтары үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Аталған жоба «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамына тиесілі «Баспана хит» нарықтық ипотекалық жобасы арқылы іске асырылады.

Аталған жоба халыққа ипотеканың ұтымды талаптарын дайындаған. Мәселен, ипотеканың жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі банктік қарыз шарты жасалған күніне «базалық мөлшерлеме +175 базистік тармақ» формуласы негізінде анықталады,сонымен қатар ол қарыз мерзімі ішінде өзгермейді. Қарыз уақыты 15 жылға дейін, ал бастапқы жарна 20 пайыздан басталады.

Тағы бір айта кетерлігі «Баспана хит» жобасы бойынша бастапқы алған үйіңізден бөлек тағы да қайталама нарықта да тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Онда жеке тұлғаның басында баспана болмауы бойына талаптар қойылмайды.

«Баспана хит» ипотекалық жобасы негізінде 2020 жылдың 26 қазанындағы жағдай бойынша 44 228 өтініш қабылданған. Оның жалпы құны 388,1 миллиард теңге. Оның ішінде 306,8 миллиард теңге «Баспана хит» бағдарламасын іске асыру барысында азаматтардың өтініштері мен банктердің, қоғамдық бірлестіктер мен құрылыс салушылардың ұсыныс талаптары талданып, соның негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі биылғы жылдың қыркүйек айында тұрғын үйлерге деген қолжетімділікті арттыруды және бастапқы тұрғын үйге деген сұранысты көбейтуге арналған түзетулерді бекіткен болатын.

Сонымен қатар, аталған қаулыда келесі талаптар негізге алынған:

- Бастапқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимитін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 25 миллион теңгеден 35 миллион теңгеге дейін көбейту;

- Шымкент қаласында бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнының лимитін 25 миллион теңгеге дейін ұлғайту, ал, Қарағанды қаласында 20 миллион теңгеге дейін ұлғайту көзделген;

- «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынып жатқан тұрғын үйді үлестік қатысу шеңберінде сатып алу бойынша кредиттеу жобасы іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, «Баспана хит» бағдарламасының салымшылары жаңа шекті бағалармен ипотеканы қазірден бастап рәсімдей алады. Ал, үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несие беруді бастау үшін бағдарлама операторы қазірден бастап серіктес банктермен бірге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал, салынып жатқан тұрғын үйге несие беру талаптары туралы аз уақыттан кейін жария болады.

Айта кетейік, «Баспана хит» ипотекалық жобасы - қолданыста болған тұғын үйді, бастапқы тұрғын үйді және үлескерлік құрылыс арқылы салынып жатқан баспаналарды да сатып алуға мүмкіндік беретін тиімді ипотекалық бағдарлама. Аталған жоба бойынша құрылысы аяқталмаған баспаналар мен 50 жылдан ескі емес үйлерді ең тиімді талаптар бойына сатып алуға болады. Тұрғын үйдің сомасы 35 миллион теңгеге дейін. Ал, қарыз мерзімі 15 жылға дейін яғни, 180 айға жоспарланған. Сыйақы мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайды. Ал, бастапқы жарнасы 20 пайыздан жоғары.

Бағдарлама аясында баспананы Қазақстанның барлық өңірлерінен сатып алуға болады.

Мәселен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бастапқы тұрғын үй үшін баға құны - 35 миллион теңге. Ал, екі қаладағы қолданыста болған тұрғын үй үшін, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларындағы бастапқы және қолданыста болған тұрғын үй үшін баға құны - 25 миллион теңге.Сонымен қатар, Қарағанды қаласындағы бастапқы және қолданыста болған тұрғын үй үшін баға құны 20 миллион теңге. Ал, басқа өңірлердегі бастапқы және қолданыста болған тұрғын үй үшін баға құны - 15 миллион теңгені құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290