Сенбі, 23 Қараша 2024
1934 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 16:46

Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ұсынды

Еуразиялық Экономикалық одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан қатарлы елдердің басын біріліктіретін бірегей ортақ кеңістік. Мұнда аталған елдердің экономикасы бірге дамып, бірге өркендейді. Бұл экономикалық одақ алғаш рет Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің мемлекет басшылары қол қойған келісім негізінде құрылды. Аталған одақ оған мүше елдердің парламенттері ресми бекіткеннен кейін, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады.

Еуропалық Одақ интегрцациясына сүйенген Еуразиялық Экономикалық одақтың алғашқы тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде алғаш рет таныстырылған болатын. Кейін, 2011 жылдың қазан айында Ресейдің сол кездегі премьер-министрі Владимир Путин тарапынан жұрт назарына ресми ұсынылды. Ал 2011 жылдың 18 қарашасы күні Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары Еуразиялық Экономикалық Одақтың 2015 жылға қарай ресми құралыатыны туралы келісімге ресми қол қойған болатын.

Біз сөз етіп отырған бұл келісім болашақ интеграцияның одақтың басым бағыттарын көздей отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның, сонымен қатар 2012 жылы бірінші қаңтарда жұмысын бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік алғашқы тетігін қалыптастырды. Бұл жерде ерекше айта кетерлігі ЕАЭО ешқандай да саяси одақ емес. Бұл одақ тек қана экономикалық негізде құрылған. Және осы бағыттағы қызметін ғана істейтін болады.

Жақында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Армения астансы Ереван қаласына ресми сапармен барған болатын. Үкімет басшысы осы сапарында Еуроазиялық экономикалық одақтың жұмысы аясындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына қатысты. Жиналыс барысында ҚР премьер-министрі Еуроазиялық экономикалық одақтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатындағы бірнеше маңызды ұсыныстарын айтып, бастама көтерді. Мамин ұсынған бастамалар жаңа экономикалық шынайылық жағдайына негізделіп құрылғанын айта кетейік.

ҚР премьер-министрі ең алдымен Еуроазиялық экономикалық одақтың салықтық-кедендік сенім кеңістігін қалыптастыру керек екенін есе сеалды. Бұл бастама ЕАЭО-ның еркін нарықтағы пайдалы қызмет атқаруын барынша қамтамасыз ету барысын негізгі ала отырып көтеріліп отыр. ЕАЭО-да кеден органдарының барынша кеңейтілген электрондық іс-қимылын өзара нығайтудың маңызы зор.

Үкімет басшысы сонымен қатар, Қазақстанда құрылатын Ұлттық тауар өткізу барысының жұмыс жасау моделін кеңейту және Еуразиялық тауар айналым жүйесін тезірек қалыптастыру ұсынысын ортаға салды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі 

«Мұндай жағдайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Одақтың мүдделі елдерімен ортақ тауар бөлу желісін құру мүмкіндігін пысықтау туралы ұсынысы аса өзекті. Елдеріміздің географиялық орналасуын ескерсек, ЕАЭО Еуропа мен Азия арасындағы сауда хабына әбден айнала алады», - деді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин барлық қажыр-қайратты Еуразиялық зияткерлік көлік жүйелерін қалыптастыру жұмысына арнау керек екенін алға тартты. Оның айтуынша, бұл бүгінгі таңдағы инфрақұрылымды қазіргіден де пайдалы етіп пайдалануға, сондай ақ жүк тасымалдаушылардың және тауар өндірушілердің шығынын барынша азайтып, оңтайландыруға жол ашатын көрінеді.

Сонымен қатар, ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин көтерген тағы бір баста ма: Еуроазиялық экономикалық одақта стратегиялық өткізу пункттерінде әр елдің бірлескен тірек сынақ зертханаларын құру туралы болды. Мамин бұл бастамасында, осы жұмысты қолға алғанда өндірілген өнімнің үшінші бір елдердің қойған талаптарына сәйкес келетін немесе келмейтінін анықтауға бағытталған шығындарды қазіргіден әлдеқайда төмендетуге болатынын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446