Сенбі, 23 Қараша 2024
3134 3 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 12:37

Қырғызстанда ҰҚК мен ІІМ экс-басшыларына іздеу жарияланды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшыларына іздеу жарияланды деп мәлімдеді президент міндетін атқарып отырған Қырғызстанның премьер-министрі Садыр Жапаров Баткен облысында тұрғындармен кездесу кезінде.

Ол 5 қазанда митинг кезінде қайтыс болған Умутбек Алтынбек уулуның өліміне кімнің жауап беретінін айтты.

"Умутбек ұмытылмайды. Ол біздің жүрегізімде мәңгі қалады. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшыларына іздеу жарияланды. Оқ атуға кімнің тапсырма бергенін анықтап жатырмыз", - деді Жапаров.

5 қазанда Ала-Тоо алаңында парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген саяси партиялардың жақтастары жаппай митингіге шыққан. Акция жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Нәтижесінде 19 жастағы Умутбек Алтынбек уулу қаза тауып, 900-ден астам адам жараланды.

9 қазанда президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы болған Орозбек Опумбаев қызметінен алынды. Ал ішкі істер министрі болған Кашкар Жунушалиев жаппай тәртіпсіздіктен кейін қызметіне қайта келмеді. Қазір оның қайда екенін ешкім білмейді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354