Жексенбі, 11 Қазан 2026
3812 0 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 13:03

Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

Кешелі-бері әлеуметтік желілерде қарашадан бастап Алматыда қайтадан қатаң карантиндік шектеулер енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Онда 15 қарашадан бастап блокбекеттер орнатылатыны айтылған.

Осыған байланысты Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері ресми пікір білдіріпті.

«Бүгінде Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, блокбекеттер қою немесе қаланы жабу жоспарда жоқ. 15 қарашада блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат жалған», - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада егде жастағы адамдардың арасында коронавирус өршіп жатқанын айтқан болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 940
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1263