Сенбі, 23 Қараша 2024
Дат 11103 70 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 12:10

Тіл мамандарынан Президентке ашық хат!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бұрын ұсынған ұлттық Әліпби жобасын қолдаушы ғалымдардың

МӘЛІМДЕМЕСІ

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Хатымызды Өзіңізге шынайы ризашылығымызды білдіруден бастап отырмыз. Сіздің қазақ тілінің жаңа латын әліпбиін «тілші ғалымдары жетілдірсін» деген тапсырмаңызды – әділ әрі мезгілінде айтылған шешім деп қабылдап отырмыз.

Ғалымдардың ортақ пікірі, Олжас Омарұлы жазғандай, соңғы отыз жыл ішінде еш өзгерместен академиктер Әбдуәлі Қайдари, Рәбиға Сыздық, Өмірзақ Айтбайұлы, профессорлар Әлімхан Жүнісбек, Ерден Қажыбек, сондай-ақ қазақ тіл ғылымының қарашаңырағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Әл-Фараби, Абай, Абылайхан, Дулати, Гумилев, Ясауи атындағы ұлттық университеттері мен Халықаралық түркі академиясы ғалымдарының монографияларында, конференция материалдарында, БАҚ беттерінде жарияланып келе жатқан келісімді шешімі болып табылады. 

Ғалымдардың ортақ ұсынысы, түркітанушы-ақын Олжас Сүлейменов мақаласында көрсеткен, ортақтүркі әліпби нұсқасымен толық сәйкес келеді. «Бөлінгенді бөрі жейді» – Қазақстанның түркібіріктіруші бейбітшіл саясат ұстанып келе жатқанын ескерсек, ортақ әліпби сол саясатты іске асырудың  ұтымды тетігі болып табылады. Ендеше бір атаның балаларындай түркілердің басын ыдырататын емес, басын ұйыстырып отыратын жазу керек.  

Төменде аттарымыз көрсетілген біз, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бұрынғы ғылыми кеңес мүшелері, бөлім меңгерушілері, бас және аға ғылыми қызметкерлері, филология ғылымдарының докторлары мен  кандидаттары, өзіміздің және пікірлес өзге әріптестеріміздің атынан – Олжас ағамыздың Қазақстан Республикасының Президенті өзіңізге ұсынған әліпби нұсқасын ғана қабылдаған жөн болар деп отырмыз. 

Кезінде Тіл білімі институтында жүргенде өзіміз қолдап, қабылданған «ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ» үлгісін қоса жолдап отырмыз.

Халықаралық атау-терминдер үшін Vv, Ff, Hh, Xx таңбаларын «Ұлттық әліпби» құрамына қосалқы топ ретінде енгізу жолы қарасытырылатын болады.

Аса қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңізге шынайы құрметпен:

Жақында ғана арамыздан өткен академиктер: 

Әбдуәлі Қайдар, 

Рәбиға Сыздық, 

Өмірзақ Айтбайұлының ұстанымын қолдаушылар:

Анар Салқынбай – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Қарлығаш Айдарбек – филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.;

Орынай Жұбаева – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Ботагөз Сүйерқұл – филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.;

Бижомарт Қапалбек – филология ғылымдарының кандидаты; 

Ерғали Есбосын – филология ғылымдарының кандидаты;

Бауыржан Жонкеш – филология ғылымдарының кандидаты; 

Мейрамбек Таубалды – РhD докторант 

Abai.kz

70 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419