Оның сөзінше, Садыр Жапаров еркін баспасөз демократиялық мемлекеттің әрі оның әлеуметтік-экономикалық дамуында ажырамас бөлігі болып саналады.
"Сондықтан кейбір медиа ұйымдардың қауіптенуі негізсіз. Президент міндетін атқарушы еркіндікпен бірге жауапкершілік болуы керек деп үндейді. БАҚ кез келген тақырыпты еркін әрі шынайы жеткізу керек", - деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Ол 12 қарашада Жапаровтың баспасөз мәслихатын өткізетінін, журналистердің барлық сұрағына жауап беруге дайын екенін де жеткізді.
3 қарашада Region телеканалына сұқбат берген кезде Садыр Жапаров Азаттық радиосына қатысты өзінің сөздерін бұрмалап береді деген пікір білдірген. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Азаттықтың қырғыз қызметіне қарсы түрлі айыптаулар мен қауіп төндіретін ақпараттар көбейіп кетті.
Тәуелсіз медиа ұйымдар мен журналистер одағы Жапаровтың бұл мәлімдемесіне қатты алаңдайтынын жеткізген.