Сенбі, 23 Қараша 2024
2400 0 пікір 12 Қараша, 2020 сағат 15:36

Зеленский ауруханаға жатқызылды

Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент офисі басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлім етті.

Оның айтуынша, ауруханада президенттің бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізуі үшін жабдықталған арнайы кабинет бар.

«Ол оқшауланған палатада жатыр. Сәйкесінше онда арнайы байланыс орнаитылған», - деп атап өтті Подоляк.

Оның айтуынша, Ермактың жеке оқшауланған палатасы бар, бірақ арнайы кабинет емес. «Феофаниядан» президент пен оның Кеңсесінің басшысы жұмысын жалғастыруда.

«Оларда стандартты кесте бар. Жалғыз шектеу – оқшаулау, жанында ешкім жоқ. Яғни көмекшілердің ешқайсысы президенттің немесе кеңсе басшысының жанында емес, олар коммуникациялық офлайнда», - деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылды.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470