Сенбі, 23 Қараша 2024
2812 0 пікір 16 Қараша, 2020 сағат 15:16

Алтай қаласы карантинге жабылды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы коронавирусқа шалдыққандардың көбеюіне байланысты карантинге жабылды.

ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай аудандық бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушының қаулысы 15 қараша күні күшіне енген. Құжатта Алтай қаласынан шығуға және кіруге тыйым салынғаны және санитарлық посттардың жұмысын қамтамасыз ету туралы жазылды.

«Келесі нысандардың жұмысына тыйым салу енгізілсін: кинотеатрлар, моншалар, сауналар, бассейндер, театрлар, мәдени нысандар, кітапханалар мен музейлер», - делінген қаулыда.

Сонымен қатар құжатта мектепке дейінгі мекемелерде және 1-4 сыныптарда ата-аналардың рұқсатымен 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды құру қажеттігі айтылған.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» енді.

Сондай-ақ өңірде шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылды.

15 қараша күні індет тағы 197 адамнан анықталды.

Жалпы, осы уақытқа дейін коронавирусқа шалдыққан 13 705 адам тіркелді. Жазылып шыққандар - 9516, қайтыс болды - 259 науқас.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450