The New York Times газетінің мәліметі бойынша, Трамп мұндай ұсынысты 12 қарашада өткен жиналыста айтқан. Бұл жиналысқа оның жоғары лауазымды кеңесшілері, вице-президент Майк Пенс, жаңадан сайланған қорғаныс министрі Кристофер Миллер және Штаб жетекшілерінің бірлескен комитетінің төрағасы генерал Марк Милли қатысқан. Трамп олардан алдағы аптада Иранның ядролық нысандарына әскери операция жүргізу мүмкіндігін сұраған.
Сейсенбі күні газет мақаласындағы мәліметтерді америкалық шенеуніктердің бірі Reuters агенттігіне растады. Ақ үй ресми мәлімдеме жасаудан бас тартты.
Трамп өткізген жиналыста Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік баяндамасы тыңдалған. Онда Иран байытылған уран қорын көбейтіп жатқаны айтылған. МАГАТЭ мәліметі бойынша, Иранның Нетензадағы комбинатында өндіріс тоқтаусыз жүріп жатыр. Мұндай жағдай бес жыл бұрын Тегеранмен жасалған келісімге қайшы келеді. Трамп 2018 жылы бұл келісімнен шығып кеткен еді.
Иранның ядролық нысандары соққы жасау аймақта жанжал туғызып, жаңадан сайланған АҚШ президенті Джо Байденнің сыртқы саясатына қиындық туғызады, деп хабарлады «Америка дауысы».
Сайлаудағы қарсыласын «дауыс ұрлады» деп айыптаған Трамп билікті тапсыру тәртібінен бас тартып отыр, сол себепті Байдан командасы ұлттық барлау мәліметінен бейхабар.
Abai.kz