Сенбі, 23 Қараша 2024
3155 2 пікір 20 Қараша, 2020 сағат 14:31

Аида Балаева АҚШ Елшісімен кездесті

2020 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті.

Әңгімелесу барысында Министр Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның отандық медиа-саланы жаңғырту, мықты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа-нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Елші Министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ды қолдауды жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379