Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3880 4 пікір 24 Қараша, 2020 сағат 13:26

Қазақстан коронавируспен күресу үшін 1,5 миллиард еуро қарызға алады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан коронавируспен күресу үшін құны 1,5 миллиард еуродан асатын екі несие алатындығын мәлімдеді.

908 миллион 596 мың еуроға алғашқы несие Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім бойынша беріледі.

«Несие 2021 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған. Бұл қаражат үкіметтің COVID-19 пандемиясының салдарымен күресу және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларына бағытталады», - деді Жамаубаев.

Оның айтуынша, Қазақстан несиенің 454 миллион 298 мың еуро көлеміндегі бөлігін 10 жылда, үш жылдық жеңілдік кезеңімен қоса төлеуі керек. Қалған 454 миллион 298 мың еуро үш жылдық жеңілдік кезеңін қосқанда бес жылға беріледі.

«Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен 661 800 000 еуро көлемінде екінші келісімге қол қойылды. Қаражат сонымен қатар 2021 жылы бюджет тапшылығын қаржыландыруға және үкіметтің COVID-19-қа қарсы іс-шараларын қолдауға жұмсалады. Несие 10 жылға, үш жылдық жеңілдік мерзіммен беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - Euribor 0,50 пайыз», - деп толықтырды министр.

Ол тартылған несиелерге қызмет көрсету мен өтеуді Қаржы министрлігі бюджет есебінен жүзеге асыратынын айтты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741