Таулы Қарабақ. Қазақстан бейбіт шешімді қолдайды!
Қазақстан Республикасы әрқашан да маңызды әлемдік мәселелерде ынтымақтастық позициясын ұстанып келеді. Әсіресе жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде Қазақстанның атқарар ролі аса жоғары.
Бәріміз білетіндей 27 қыркүйекте елімізбен тікелей одақтық және дипломатиялық жақын қарым-қатынастағы қос ел Әзербайжан мен Армения арасында қарулы қақтығыс орын алып, мұның соңы териториялық соғысқа ұласқан. Әлемдік ұйымдар, қауымдастықтар екі жақты да бұл соғысты тоқтатуға үндеді. Қазақстан да сол қатарды қос тарапты мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Нәтижесінде 10 қарашада қос ел келісімге келіп, соғыс қимылдары ресми тоқтатылды. Осыған орай, еліміздің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жариялады.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде, Әзербайжан Республикасы президенті Ильхам Алиев, Армения Республикасы премьер-министрі Никол Пашинян және Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағындағы соғысты, сондай-ақ барша әскери іс-шараларды тоқтату туралы келісімдерін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын басшылыққа ала отырып, Таулы Қарабақ проблемасын реттеу мақсатында қол жеткізілген осы уағдаластықтар аймақтың қауіпсіздігін сақтауға негіз бола алады деп санайды.
Сондай-ақ, біздің елдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақта соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісімге қол жеткізуде Ресей Федерациясының маңызды рөлін жоғары бағалады. Әрі солтүстіктегі көршіміздің аймақ қауіпсіздікгін сақтау мақсатындағы ынтымақтастықтарды сақтауға және іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік саясаты мен ұстанымын ерекше атап өтті.
Қазақстандық тарап Әзербайжан және Армения елдерінің аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барынша ұмтылатындықтарына сенім білдірді. Ері екі ел халқының осындай күрделі кезеңнен шығуына қолдау білдірді.
Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения біздің елмен бірқатар дипломатиялық одақтар мен ұйымдарға ортақ мүше елдер. Атап айтқанда Азербайжанмен Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Түркі кеңесіне, ал Армениямен Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ мүшеміз. Екі елмен де достық қатынастамыз.
Abai.kz