Сенбі, 23 Қараша 2024
2636 1 пікір 25 Қараша, 2020 сағат 10:38

Жапаров референдум өткізуді ұсынды

Қырғызстан премьер-министрі құзыретін уақытша тоқтатқан Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қа ңтарда, президент сайлауымен бірге, билік жүйесі туралы референдум өткізуді ұсынды. Халық президенттік және парламенттік басқару жүйесінің бірін таңдауы керек.

Бұл туралы Жапаров «7 арна» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қателеспесем, өткен жылы Жогорку Кенеш депутаты Курманкул Зулушев басқару жүйесін таңдау жөнінде референдум өткізуді ұсынған. Мен депутаттардан осы сұрақты президент сайлауы кезінде ұсынуын сұрар едім», - деді Жапаров.

Бұған қоса, саясаткер Қырғызстан Конституциясы жобасына қатысты айтылып жатқан сындарға жауап берді.

«2010 жылы бұл жоба Текебаев Конституциясына балама ретінде ұсынылған. Жобаны мен жазбадым. Екі ұсыныс қана қосдым. Оны жиырмадан астам автор жазды», - деді Жапаров.

Оның пікірінше, 2010 жылы қабылданған Конституция бір адамның ғана мүддесі үшін жазылған.

Жогорку Кенеш 17 қарашада Конституцияның жаңа жобасын қоғам талқылауына шығарды. Жоба авторы әлі күнге дейін белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5362