Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2114 0 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 16:07

Шанхай ұйымы. Қазақстан қандай мәселелерді талқыға ұсынды?

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының іргесі сонау 1996 жылы қаланған. Алғашқыды «Шанхай бестігі» деген атаумен құрылған бұл Халықаралық ұйымға Қазақстан құрылтайшы қатарлы қосылған. Кейін оның құрамына қосылушы елдердің саны артып, 2001 жылы «Шанхай Ынтымақтастық ұйымы» деген атпен үкіметаралық ұйым ретінде тұрақты түрде қызмет істей бастаған. Содан бері Қазақстан аталған Халықаралық ұйымның ықпалды ойыншысы боп келеді.

10 қараша күні аталмыш Халықаралық ұйымға (ШЫҰ) мүше мемлекеттьер басшыларының жиыны өткен. Жиынды бұл жолы Ресей Федерациясы ұйымдастырған. Бейнеконференция форматында өткен бұл жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, сөз сөйлеген.

Құрылғанына 20 жыл толған ШЫҰ бірлестігінің осы уақыт ішінде Халықаралық саясат аренасында ең табысты һәм ықпалды ұйымға айналғанын айтқан президент Тоқаев де-юре ғаламшардың 4/1-ін, әлем халқының 40 пайызын алып жатқан аймақтық ұйымның алдағы атқарар шаруаларының ауқымы кең екеніне тоқталған. Сонымен, президент Тоқаев ШЫҰ жиынында не деді? Біз бір шолып шықтық...

Әуелі, коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық дағдарыс ШЫҰ елдеріне қалай әсер етті?

Расында, Covid-19 пандемиясы жалғыз ШЫҰ елдеріне ғана емес, әлем елдері үшін үлкен сынақ болды. БҰҰ мәліметінше, биыл әлемдік экономиканың 4,4 пайызға құлдырауы болжанып отыр екен. Соның ішінде туризм саласы 70 пайызға, инвестиция тарту 40 пайызға азаяды.

«Ел мүддесі жолында ШЫҰ бірлестігін қазіргідей дағдарысты жағдайда қалай бейімдейміз, сол маңызды! Біз бірлесіп отырып, қордаланған мәселелерді шешудің жолын табуымыз керек. Осы тұрғыдан «Шанхай рухы» жобасы тығырықта бірлесіп шығуға мүмкіндік береді. Барлығы да адам үшін! Сондықтан, бізге ұжымдық иммунитет керек! Ол жаһандық сын-қатерге төтеп берудің кепілді жолы деп санаймын», - дейді президент Тоқаев.

Коронавирус пандемиясы басталған алғашқы кезеңде көршілес Қытай мен Ресей Қазақстанға гуманитарлық һәм медициналық көмек берген еді.

«Дос қиындықта сыналады» деген бар. Осындай алмағайып кезде гуманитарлық көмек пен эпидемиолог мамандар жіберіп, көмек қолын созған Қытай мен Ресейге ризашылығымызды білдіреміз», - деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ, эпидемия күресіне қарсы өңірлік орталықтар желісін құру мәселесіне баса тоқталған.

«Дәл қазіргі әлемдегі аумалы-төкпелі жағдай сеператизм, экстремизм мен терроризмнің күшеюіне жол ашып отыр. Аталған қауіпке ШЫҰ шеңберінде бірлесіп қарсы тұру маңызды. Пандемияға байланысты көптеген қызмет түрлерінің онлайн форматқа ауысуы киберқауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын арттырып отыр. Сонықтан, ШЫҰ антитеррорлық база аясында ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруы керек», - депті Президент.

Қазақстан президенті өз сөзінде Ауғаныстанды қалпына келтіру ісіндегі ШЫҰ рөліне де тоқталған. Атап айтқанда Қазақстн Ауғаныстанды экономикалық тұрғыдан оңалту үшін құрылған «ШЫҰ-Ауғаныстан» жұмыс тобын қолдайтынын айтқан.

«Пандемия кезінде протекционизмнің күшеюі мен сауда айналымдарының үзіліп қалуы ШЫҰ-дағы экономикалық байланыс мәселелерін қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан, ШЫҰ 2025 жылға дейінгі даму стретегиясын  жүзеге асыру – ұйым шеңберіндегі сауда-саттықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Өзара есептесуде ұлттық валюта рөлін бекемдеу маңызды», - дейді президент Тоқаев.

Өз сөзінде президент Тоқаев тағы бір мәрте  Халықаралық Биологиялық қауіпсіздік агенттігін қайта құру туралы ұсыныстады. Технопарктер пулын жеделдету мен өзара сауда-сатық пен инфрақұрылымдық серіктестікті нығайтуға тоқталды. «Бір белдеу-бір жол» жобасын дамыту мен инфрақұрылымдық һәм логистикалық жобаларды бірлесіп атқару туралы ұсыныс білдірді. Ол сондай-ақ, экология мәселелеріне де тоқталды.

«Біз экологиялық проблемаларды да назарда ұстауымыз қажет. Сонықтан, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзырлы ведомстволары осы аталған проблемалар бойынша өзара қарым-қатынастарды күшейуі керек. Ол үшін ШЫҰ шеңберінде экологиялық проблемалар реестрін жасау маңызды. Бұл шұғыл түрде шешім талап ететін мәселе», - деді Мемлекет басшысы.

Аталған саммит аясында ұзын-саны 16 құжат қабылданып, қол қойылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449