Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
4010 4 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 17:08

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады

Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыраннан қорғану жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа ракетасын сынағанын хабарлады. 26 қарашада жарияланған ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыранға қарсы жаңа жүйе “өзіне тән қасиеттерін дәлелдеп, тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсірген".

"Зымыраннан қорғану жүйесі әуе-ғарыш шабуылдарынан қорғауға арналған" делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ қазан айының соңында да осыған ұқсас сынақ өткенін хабарлаған.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 952
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1283