Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3969 5 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 14:20

БҚО-да 480-нен астам киік заңсыз атылған

Батыс Қазақстан облысында «Киік» жедел алдын алу шаралары басталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 1-31 желтоқсан аралығында өткізілетін шара мақсаты – киіктерге қатысты браконьерлік деректерді анықтау және олардың алдын алу, киік мүйіздерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою.

Жыл басынан бері өңірде 37 қылмыстық іс тіркелсе, соның алтауы заңсыз аулау, 31-і сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолданғаны үшін қозғалды.

Қылмыстық істерді сотта қарау барысында 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың жекелегені бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде.

Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам мүйіз тәркіленіп, 480-нен астам атылған киік ұшасы табылды.

Бұған дейін БҚО-да заңсыз киік аулаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2489
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 650