Жұма, 22 Қараша 2024
2662 1 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 16:51

Тайыр Сарпашев 500 гектар жерді мемлекетке қайтарады

Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері Тайыр Сапашев мемлекетке өз еркімен 500 гектар жайылымды, сонымен бірге 30 гектар суғармалы жерді қайтарады. Бұл жерлерді шенеунік туыстарының атына рәсімдеген.

Бұл туралы Қырғызстанның қаржы полициясы хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, аталған жерлер осы аптада Токтоғұл ауданына қайтарылады.

27 қарашада қаржы полициясы Тайырбек Сарпашевке қатысты сотқа дейінгі тексеру жүріп жатқанын хабарлаған. Тергеу мәліметі бойынша, жоғары лауазымды қызметтер атқарған шенеунік жылжымалы және жылжымайтын мүліктер алып, оларды туыстары атына тіркеп отырған, мүлікті декларацияда көрсетпеген.

Тайырбек Сарпашев 2012-2014 жылдары вице-премьер қызметін атқарды, ал 2014 жылы ол бірінші вице-премьер қызметіне тағайындалып, бұл қызметті 2015 жылға дейін атқарды. 2015-2017 жылдары Сарпашев Мемлекеттік тіркеу қызметін басқарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5293