Бейсен Құранбекке арналған бағдарламаның көрсетілімі өтті
Бейсен Құранбектің туған күні қарсаңында «Алматы» телеарнасының «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасында танымал тұлғаға арналған жобаның алдын-ала көрсетілімі өтті.
Бағдарлама түсірілімі туған-туыстары, дос-жарандары мен әріптестерінің қолдауымен жүзеге асты.
«Алматы» телеарнасы ұйымдастырған алдын-ала көрсетілімге бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен әріптес, қызметтес болған журналистер қатысты.
Бейсен Құранбектің еңбек жолына қысқаша тоқталсақ, ол - алғаш тілші қызметінен бастады. Кейін, «Спорт» республикалық газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарды. Саналы ғұмырын қазақ телевизиясымен байланыстырды. «Рахат», «31 арна», «Хабар», «Қазақстан», Президент телерадио кешенінді өз қолтаңбасын қалдырды. «Айтуға оңай» авторлық бағдарламасының жүргізушісі болды. Өмірінің соңғы кезеңдерінде «Жетісу» Алматы облыстық телеарсының бас директоры лауазымын атқарды.
Белгілі журналист, тележүргізуші Бейсен Құранбекті еске алу құрметіне арналған «Сәуле-ғұмыр» бағдарламасы 5 желтоқсанда, сағат 23:00 «Алматы» телеарнасынан көре аласыздар.
Abai.kz