Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 10 Ақпан, 2012 сағат 05:44

Бейбіт Қойшыбаев. Т. Рысқұловтың Сталинге хаттары (жалғасы)

Жоғарыда танысқан 1-7-құжаттардан кейін, істегі 245-252-ші парақтарға Тұрардың Сталинге 1924 жылғы 24 сәуірде жазып, өзін РКП ОК мүшелігіне кандидат ретінде көрсетіп қолын қойған хаты тігіліпті.  Оны 8-ші ретпен таңбалап, мазмұнымен танысайық.
№ 8 құжат

Құпия
РКП ОК-ге Сталин жолдасқа

«Түркістанда қажыр-қайратымды аямай бір жылдан астам істеп, енді РКП ОК еркімен Коминтернде «отырмын», ал Түркістанда түрлі пертурбациялар (бұл жерде: шұғыл өзгерістер, сапырылыстырулар мағынасында - Б.Қ.) жүріп жатыр, атап айтқанда, Рысқұловтың болжалды жақтастары деп аталатындарды қайтадан қудалау басталды. Осылай-ақ  болсын. Шамасы, мұның себебі әлдеқандай «жаңа» бағдар берілгендікте жатқан шығар.
Бірақ мен әйтсе де Түркістанның едәуір байырғы большевик қайраткерлерінің бірімін, сондықтан да ОК саясатының өзіме айқын емес деп саналатын тұстарынан ОК-ге бірқатар сұрақ  қоюға бел байладым».  
Осылай бастап, Тұрар Рысқұлов Сталинге қоятын бірнеше принципті сауалын тұжырымдайды:

Жоғарыда танысқан 1-7-құжаттардан кейін, істегі 245-252-ші парақтарға Тұрардың Сталинге 1924 жылғы 24 сәуірде жазып, өзін РКП ОК мүшелігіне кандидат ретінде көрсетіп қолын қойған хаты тігіліпті.  Оны 8-ші ретпен таңбалап, мазмұнымен танысайық.
№ 8 құжат

Құпия
РКП ОК-ге Сталин жолдасқа

«Түркістанда қажыр-қайратымды аямай бір жылдан астам істеп, енді РКП ОК еркімен Коминтернде «отырмын», ал Түркістанда түрлі пертурбациялар (бұл жерде: шұғыл өзгерістер, сапырылыстырулар мағынасында - Б.Қ.) жүріп жатыр, атап айтқанда, Рысқұловтың болжалды жақтастары деп аталатындарды қайтадан қудалау басталды. Осылай-ақ  болсын. Шамасы, мұның себебі әлдеқандай «жаңа» бағдар берілгендікте жатқан шығар.
Бірақ мен әйтсе де Түркістанның едәуір байырғы большевик қайраткерлерінің бірімін, сондықтан да ОК саясатының өзіме айқын емес деп саналатын тұстарынан ОК-ге бірқатар сұрақ  қоюға бел байладым».  
Осылай бастап, Тұрар Рысқұлов Сталинге қоятын бірнеше принципті сауалын тұжырымдайды:
«1) Бәрінен бұрын Түркістандағы тап күресі жайында. 1920 ж. Сафаров жолдастың Комиссиясы бізді «солшыл» саясатты және туземдік халық арасындағы таптың жіктелуді бастау үшін аударып-төңкерді. Сосын осы солшыл саясаттан діни қауымға вакуфтарды қайтаруға (Ауғанстанда вакуфтар қазір мемлекет қолында көрінеді), «қазийлер» сотын енгізуге, «ықпалды адамдар» деп аталатындарды билікке тартуға  және т.с.с. дейін кері шегінді (негізсіз емес осыларға эсерлік «Дни» беттерінен Шоқаев та сілтеме жасауда). Осы сәтсіз «солшыл» саясатқа бола неліктен төңкерістер жасалып, одан арғы мақсаттар, жергілікті халықтан шыққан бірқатар белсенді партия мүшелері  зиян шегуге тиіс?  Содан бері біз Түркістанда арта түскен сауда капиталына позициялардың бірінен соң бірін бере отырып, оңға сырғып барамыз. Осылай оңға сырғуымыз ұзаққа созыла ма... мәселен, өзбек коммунистері мен саудагерлері арасына шекара жүргізіле ме, әлде олар тап осындай мидай араласып жатуға тиіс пе? Жалпы, Түркістанның еңбекші табы оған сүйенетін, одан тіреуіш жасауға болатын күш ретінде бағалана ма?
2) Қазақ халқы арасындағы «Қосшы одағы» азып, тапсызданған ұйымға айналды. «Қосшы» одақтары мүшелерінің жалғыз материалдық базисі - жер, ол, әрине, бар жақта қайтадан байлардың қолына көшті (сырт қарағанға, әрине, «жалға алу» түрінде), ал «Қосшы» мүшелері жәй ғана бұрынғы жалдамалы үлескерлерге айналды. Бұл жайында қазір орталықтың Ташкенттегі қызметкерлері үшін беделді болып табылатын ж. Қожанов растап жүр.  ... Қосшы одағын кім болса сол совет аппаратына кіріп алудың тамаша айласы ретінде пайдалануда. ...«Қосшы» одақтары  адамдардың түрлі авантюристік амалдарын жасауына осылай қызмет ете беру керек пе...
3) Неліктен Түркістанның жергілікті қызметкерлері арасындағы топшылдық күрес, мәселен, ОК-нің Орта Азия Бюросы тарапынан жасанды түрде қолдау тауып отыр (мысал - Советтердің 12-Бүкілтүркістандық съезі және одан кейінгі  сәттер). Егер түрлі ағым пікірін салыстыра отырып дұрыс жол табу үшін, әр шалғайда бірнеше топ болуы пайдалы болса, егер бұл саясаттың белгілі-бір жүйесі болса, онда бұл іске неге кейде партияда үлкен рөл атқарып жүрген сауда капиталы мен туземдік байлардың агенттері тартылады? Мұндай оппозицияны неліктен өз табымыз - жұмысшылар ішінен жасамасқа?..
4) Біздің көсемдеріміз - ұлт мәселесінің жолдас Сталин секілді теоретиктері және басқалар Қазақиядағы «Алаш-Орданың», Әзербайжандағы «мусаватистердің» үкіметтерінің, Түркістандағы «Қоқан автономиялық үкіметінің» «контр-революцияшылдығын» талай растады және с.с. Бұл жайында ап-айқын етіп ж.Сафаров жазды. Осы ұлттық ұйымдардың өкілдері қалғанын, олардың қазір де контр-революциялық жұмыстармен шұғылданып отырғанын тым болмаса Шоқаевтың шетелден жазғандарынан көруге болады. Түркістандағы «солшыл» бұрылыс кезінде (1920-21 жж.), қызметкерлердің «интернационал» тобын жасау мәселе етіп қойылғанда, Сафаров жолдас күллі дерлік осы «Алаш-Орданы» 1921 жылы жер реформасын, Қосшы одағын және партияны басқаруға тартты. Қазір фактілермен расталып тұр: бұрынғы  «Алаш-Орда» өзінің үш жылғы табанды жұмысы нәтижесінде қазақ бұқарасын жаулап алды, оларды саяси және рухани билеп отыр, ал компартия олардың мейірбандығымен арттарында өлмешінің күнімен сүйретіліп жүр. Мен бұл мәселені ЦКК-да (Орталық Бақылау комиссиясында) көтердім, жеткілікті фактілер ұсындым, істің тап сондай екенін дәлелдеймін. ...неге бізді сонда осы алаш-ордашылардың талап, азапқа салуына  берді және қазір де беріп отыр? Осы мәселе бойынша мен мәселе көтердім, тиісті адамдарға айыптар тақтым. Партия жұртшылығы сотына тиісті адамдарды шақырамын, маған тағар өз  айыптарын айтсын. «Соттасамыз» және «тазарамыз», бірақ нәтиже мынандай болуға тиіс: еңбекшілер мүддесі және партия мүддесі бұдан әрі зиян шекпеу керек. Сондықтан да менің ісімді «сукно астына» салуға болмайды. Сондай-ақ РКП ОК сыртына келіп түрлі жалған «материалдарды» қасақана бұрмалап тықпалап жүрген түрлі «сыбырлақтарға» да тоқтау жасау қажет. Мен осы материалдардың жариялы сотқа шығарылуын талап етемін, оларға жауап беретін боламын. Мұның бәрін нағыз партия соты арқылы және баспасөз арқылы жасауға болады. Егер менің кінәлі екенімді дәлелдесе, тиісті жазаны көтеретін боламын, бірақ «сыбырлаушылық» пен «саясатшылдыққа» шек қою керек.
5) Соңғы кездері Түркістандағы патша тілмәштары деп аталатындар туралы мәселе өзекті түрде жарыққа шықты. ...партияның көзқарасын анықтау керек.
Атап айтқанда, Қыдырәлиев тарихы, менің ойымша, біздің тактикадағы өте сәтсіз моменттердің бірі болып табылады. Ол ондаған жыл тілмәш болды, жақсы жұмысы үшін наградаға ұсынылды, патша охранкасына қатысы бар. Менде мұрағаттардан кездейсоқ ұшыратылған документтер бар... Мәселен, Қыдырәлиев майданда аяғымнан жараландым деп барлық жерде айтады - өтірік. Қыдырәлиев едәуір сауатты мақалалар жазады, бірақ оған мұны басқалар дайындап береді. Бұл жайында бәрі біледі. Ендеше бізге неменеге мұнда страус саясатын ойнау керек?..
6) Социалистік құрылыс кезіндегі экономикалық орталықтандыруға мен қарсы емеспін. Мен Түркістандағы мақта өнеркәсібін және ирригацияны орталықтандыру жағындамын. Бірақ неліктен, мәселен, ирригация саласында тек орталық қызметкерлері (Рыкунов және басқалар) басқаруға тиіс? Неліктен онда бұрынғы отаршыл инженерлер мен техниктер тобы қанша болса да отыруға тиіс? Бірақ неге бұл іске тартуға жергілікті адамдар қабілетсіз деп саналады? Неліктен осы саланы адал жергілікті қызметкер арқылы орталықтандыруға болмайды? Мен мұнымен орталық қызметкерлеріне сенбеу керек демеймін. Әрине, ондай ой менде жоқ, бірақ, екінші жағынан, істі жергілікті адамдармен байланыстыру жайын айтамын. Неліктен мақта басқарушысы ж. Межлаук немесе Рыкунов жеке диктаторлық жасау үшін мен орнымнан алынуым керек? Жеке әңгіме кезінде жж. Карклин мен Светлов маған біз сізбен қызмет атқарыса алмағанымыз, тек сіздің тым жігерлі және дербестігіңіз болды дейді, осы оларға ұнамайды. Түркістанда Совет өкіметін қорғау қажет болған қиын сәттерде менің жігерім, әрине, керек болды. Ал жолд. Карклин Мәскеудегі бір жерде менің көмекшім болуға әзір екенін, өйткені менің соған лайық екенімді, бірақ Түркістанда менімен жұмыс істей алмайтынын айтады. Не болды? Бұл неткен ойын? Осы үшін төңкерістер жасап, маған контрреволюциялық элементтерді қарсы қоюдың қажеті қанша еді? ...қызметкерлерді орынсыз лақтыру және бұрын-соңды болмаған топшылдық күрес оты тұтатылуда. Бұл не үшін жасалуда? Бұл кімнің пайдасына жүрмек?
7) Мен өзімнің жұмыс уақытымда ж.Рудзутактың нұсқауларына сәйкес, жергілікті қызметкерлердің біршама белсенділерін біріктіру бағытына түстім... Кенет өкілеттілік алған ж. Рахимбаев (іскерлігі жағынан - жолға қойылғанды тек қаусатып-бұза алатын, бірақ өзі іс жүзінде қабілетсіз, тек қана топшылдық  бойынша маман болып табылатын адам) келеді. Өзбек шовинизмі ойыны басталды. ...Маған қарсы шыққандар мына үштік одақ болды деп санаймын: өзбек саудагерлері, тілмәштар және алаш-орда ұйымы. Егер болған жәйтті түгел сараптап шықса, мәселенің осылай болғаны расталады.  Кеше ғана келген, Түркістанмен бейтаныс әлдебір ж. Межлаук менің тағдырымды - Түркістанның біршама байырғы революциялық қайраткерінің  тағдырын ойыншық етуге тиіс. Мұндай саясатты қалай түсінуге болады?..
...Менде басқа сұрақтар да көп. Бұдан бәлкім РКП ОК менің әлдебір ауытқушылығым бар деп қорытатын шығар. Мен қандайда-бір айыптауларды естуге әзірмін, қай жаққа болса да жер аударылып баруға дайынмын, бірақ коммунист ретінде, өзімнің осы сауалдарыма жауап алуға тиіспін...
24 сәуір 1924 жыл. Мәскеу. Т.Рысқұлов (РКП ОК мүшелігіне кандидат)».
***
Міне, Тұрар Рысқұловтың белгілі де белгісіз хаттарының мазмұнымен таныстық. Сол кезгі ахуалды түсінуге бұл құжаттардың жәрдем берері сөзсіз. Тек олар әлдебір қайта бағалау сынды шетін мәселелер көтеруге сылтау болмауға тиіс. Мұны біз бір кезде «Әділет» тарихи-ағарту қоғамында талқылағанбыз.  Мен соған байланысты «Ұлттық ымыра» деген тақырыппен мақала бергенмін. Сонда тұжырымдалған көзқараста қалуды жөн санаймын.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,
«Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының
бірінші орынбасары, жазушы,
тарих ғылымдарының кандидаты.

(Соңы)
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588