Гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілер сатылған
ҚР Бас көлік прокуратурасы Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген дәрілердің сатылғанын мәлімдеді.
Қараша айында көлік прокурорлары Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде әкелінген 400 млн.теңгеден астам сомаға медициналық мақсаттағы тауарларды импорттау фактісінің жолын кесті.
Компания осы жылдың қараша айында 400 миллионнан аса теңгеге дәрі-дәрмек әкелген. Олар тауарларды гуманитарлық жүк ретінде ұсынды, сондықтан олар кедендік алымдарды төлеуден босатылды.
Алайда көлік прокурорлары кәсіпкердің кейінірек дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқанын анықтады.
«Мұндай жағдайларда компания кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуі қажет. Нақты бұл жағдайда аталған төлем 40 млн.теңгеден астам соманы құрады.
Кінәлі тұлғаларға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 236-бабының 1-бөлігі (кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды төлеуден жалтару...) бойынша СДТБТ-де тіркеліп, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тағы бір компания 140 млн.теңгеден астам сомаға медициналық жеке қорғану құралдарын (қорғаныш костюмдерін) шет мемлекетке шығаруға тырысқан.
«Аталған факті Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
А.ж. 10-қарашада Түрксіб аудандық сотының үкімімен кінәлі адамға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,- деді Бас көлік Прокуратурасы.
Abai.kz