Сенбі, 23 Қараша 2024
3518 5 пікір 11 Желтоқсан, 2020 сағат 12:00

Бакуде Таулы Қарабақтағы соғыстың тоқтауы құрметіне әскери парад өтті

Бакуде Еркіндік алаңында Таулы Қарабақтағы соғыстың тоқтауына байланысты әскери парад өтті. Шараға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия президенті Режеп Ердоған қатысты.

Парадқа екі елден үш мыңға жуық әскери қызметкер қатысып, 150-ге тарта соғыс техникаларын алып жүрді.

Осының алдында Әлиев жыл сайын 8 қарашаны Жеңіс күні деп атап өту жөнінде жарлық шығарған. Негізі соғысты тоқтату жөніндегі келісімге 10 қарашада келген. Бірақ бұл күн Түркия мемлекеті үшін Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу күні болғандықтан өзгертілген.

Бұл уақытта Арменияда оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап етіп жатыр.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта соңғы қақтығыс кезінде 2 783 сарбаздың қаза болғанын хабарлаған.

Таулы Қарабақтағы шиеленіс қыркүйектің соңында басталған қақтығыспен қайта өршіген. Қақтығыс енді басталғанда Баку мен Ереван жағдайдың ушығуын бір-бірінен көрген. 9 қараша күні Ресей, Әзербайжан президенттері және Армения премьер-министрі Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге сәйкес, Әзербайжан мен Армения күштері қазіргі позицияларында қалып, аймаққа Ресейдің бітімгер әскері кіргізілетін болды. Таулы Қарабақты қоршай орналасқан аймақтардың бәрі Әзербайжанға қайтарылып, Арменияға Қарабаққа, Әзербайжанға Нахичеванға транспорт коридоры берілетін болды.

Келісімге қол қойылған соң Арменияда Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен қарсылық акциялары басталды. 17 оппозициялық партия премьер-министр қызметіне Армения үкіметін 1990-1991 жылдары басқарған Вазген Манукянды ұсынды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450