Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті
Қазақстанда кедейлік деңгейі 2020 жылдың үшінші тоқсанында 5,7% құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға жоғары.
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үшінші тоқсанда кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші бойынша Түркістанда облысы - 11,2%, Солтүстік Қазақстан облысы - 8,3%, Жамбыл облысы - 7,2% және Қызылорда облысы - 7% болған. Ал ең төменгі көрсеткіш - Нұр-Сұлтанда (2%).
« 2020 жылғы III тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 6,8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,3 есені құрады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін үшінші тоқсанда республика экономикасында 8,7 миллион адам жұмыспен қамтылды деп хабарланған болатын. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде 6,7 миллион адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,5%) жұмысқа орналастырылған.
Ал, Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жұмыссыздар саны 454,8 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5% болған.
«Үшінші тоқсанда COVID-19 пандемиясының Қазақстандағы еңбек нарығына әсері сақталды. Екінші тоқсанмен салыстырғанда уақытша жұмыссыздардың саны іс-әрекеттің тоқтатылуына байланысты 52% төмендеп, 131,7 мың адамды құрады. Оның 25% -ы сауда қызметкерлері, 21,4% -ы білім беру, 10,3% -ы басқа қызметтер (шаштараз, сұлулық салоны, тұрмыстық қызмет көрсету)», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2020 жылғы қарашада орташа айлық жалақы 211 033 теңгені құрады. Ал, 2019 жылдың соңында бір қызметкердің орташа айлығы 186 815 теңге болған.
Abai.kz