COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцина салынды
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында COVID-19-ға қарсы әзірленген вакцина алғаш рет Сандра Линдси есімді медбикеге салынды.
Медбикеге алғашқы вакцина Нью-Йорктың Квинс ауданындағы медициналық орталықта егілді. Бұл процесті Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо тікелей эфирде тамашалаған.
Линдсей вакцина алғаннан кейін бірнеше минуттан кейін президент Дональд Трамп өзінің твиттерінде: «Бірінші вакцина жасалды! Құттықтаймыз АҚШ! Бүкіл әлемді құттықтаймын!» -,деп жазды.
Фармацевтикалық алпауыт Pfizer және оның неміс серіктесі BioNTech жасаған вакцина жұма күні федералды аймақтық органдардан заңдық мақұлдау алды. Ауқымды клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша вакцина 95% тиімділік көрсеткен.
Алғашқы 2,9 миллион доза жексенбіде АҚШ-та COVID-19-тің алғашқы жағдайлары тіркелгеннен кейін 11 ай өткен соң бүкіл ел бойынша тарату орталықтарына жеткізіле бастады.
Дүйсенбідегі жағдай бойынша елде 16 миллионнан астам инфекция тіркеліп, 300 000-ға жуық адам қайтыс болды.
Алғашқы екпелер дүйсенбіде Техаста, Юта, Оңтүстік Дакота, Огайо және Миннесотада жоспарланған.
Abai.kz