Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
3425 0 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 12:24

Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды мемлекеттің айтулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- «Баршаңызды еліміздің ең мерейлі, ең мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрбір қазақстандық үшін ерекше орны бар мереке. Себебі, осы тәуелсіздіктің арқасында бабаларымыздың асыл арманына қол жеткіздік. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, дана, көреген, салиқалы саясатының нәтижесінде еліміз іргесі берік, болашағы жарқын, өркениетті елдер деңгейіне жетті» - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы, Елбасының стратегиялық даму бағытын бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев одан әрі жалғастырып жатқанына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин біздің еліміз осы жылдар ішінде зор табыстарға, шынайы жеңістерге жеткенін, бұл барлық қазақстандықтар үшін баға жетпес байлық, зор мақтаныш екенін айтып, елімізге бірлік пен тыныштық, халқымызға мықты денсаулық және амандық тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741