Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 10094 27 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 13:10

Ақсақалов Мәскеудің алдында ақталып отыр ма?

«Намыстың» намысты жігіттері Петропавлды «Қызылжар» атандыру турасында орынды мәселе көтергендігін отандық БАҚ жарыса жазды. Біздің сайтымызда да Нұргелді Әбдіғаниұлының «Петропавл қашан Қызылжар болады?» атты мақаласы жарық көрген болатын.

Енді осы мәселені фейке айналдырған Ресейлік «Комсомольская Правда Казахстана» газетінде жарияланымды оқып шалқамыздан түсе жаздадық.

Анатолий Пактің авторлығымен жарық көрген мақаладағы «В акимате Петропавловска назвали фальшивыми фотографии с призывами о переименовании города в Кызылжар» деген жолдар көп нәрсені аңғартады. Әрі әкімшілік осы мәселеге қатысты «Намыстың» намысты жігіттерінің іс-әрекетін фейк атандыру үшін ресейшіл БАҚ алдында зыр жүгіріп, зор тер төгіп өз зерттемесін де жасапты.

«Сонда бүтіндей бір қаланың әкімшілігі кімнің алдында ақталып отыр өзі?» деген заңды сұрақ туады. Әлде еліміздің солтүстігіндегі шенеуініктер Нұр-Сұлтаннан емес, Мәскеудің кәрінен қорқа ма? Әлде олар өздерінің қай мемлекеттің нанын жеп, суын ішіп отырғандарын білмейтін мәңгүрттер ме!? деген дүдәмал ойға да қалады екенсің!?

Сонда иіліп төсек, жатып жастық болатын Ресейлік «Комсомольская Правда Казахстана» газеті «Құдайдың жалғыз ұлы болғаны ма?» деген ойға кетіп, «Установлено, что на малой архитектурной форме отсутствуют посторонние предметы, надписи. Публикация – фейк», – сообщили в пресс-службе акима Петропавловска» деген жолдарды оқып аң-таң боласың? Егер қазақ тілді әлдебір басылым ақпарат сұраса, көрпесін тарс бүркеніп алатын Солтүстік Қазақстандық бишікештер «Информацией о проведении подобного рода мероприятий акимат города не располагает, заявок на проведение акций не поступало» деп бөгде мемлекеттің басылымының түкке тұрмайтын тілшісі алдында құрдай жорғалауы арқылы өздерінің мемлекеттік қызметкердің этикасын ҚР заңы алдында өрескел бұзып, Қазақ Егемендігіне сызат түсіргеніндерін білмей ме екен!?

Осындай ұлттық намысты таптап, мемлекеттік дербестігімізге көлеңке түсіріп, өзге елдің бізде тіркелген БАҚ алдында ақталуға жол берген қала әкімшілігі не партиялық, не әкімшілік «жазаға тартыла ма жоқ па?» не болмаса, «толық құрамда қызыметтерінен қош айтыса ма?» деген бір сауал көңілді тырмалайды.

Әрі Ресейдің бізде тіркелген «Комсомольская Правда Казахстана» сияқты басылымдарындағы ел ішіне іріткі салушы, мемлекеттік саясатымызға сызат түсіретін түрлі ауандағы бірі – ашық, бірі – жасырын бассыздықтарына жоғарғы билік тарапынан көз жұма қарағанды мүлдем доғарып, жауып тастайтын кез келген сияқты. Осы мәселені өздерінің сайлауалды бағдарламаларында парламенттегі орындардан үміткер бірде-бір партияның көтермеуінің өзі көп нәрсені ұқтырады. Ақпараттық тәуелсіздік пен қауіпсіздік ешкімге керек емес сияқты! Сіз бұған қалай қарайсыз, құрметті оқырман!

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354