Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4598 6 пікір 25 Желтоқсан, 2020 сағат 13:49

Мәнсіз мәлімдеме

Кремльдің тотықұсы Е.Федоров кеше тағы да Қазақстанның аумақтық тұтастығын һәм еліміздің егемендігін жоққа шығаратынын мәлімдепті.

Көкмылжың есернеменің айтқан уәжі тарихи шындық былай тұрсын ешбір қисынға сай келмейді. Түйсік бітеу, өзінің қай дәуірде өмір сүріп жатқанын мүлде сезінбейді. Әңгімесінен баяғы Ресейдің аузын арандай ашқан империялистік пиғылынан басқа ештеңе аңғарылмайды. Қала берді, Кеңес үкіметінің 1991 жылы одан арықарай тыныс алуға шамасы жетпей жаны үзіліп, жаназасы шыққанын мойындағысы келер емес.

Ең күлкілісі - қазіргі қазақтар 1941 жылы Мәскеуді қорғап қалған ата-бабаларының жолынан тайқып кетіпті-міс. Ақыры Е.Федоров мырза бүгінгі күнге ескі күннің өлшемімен қарайды екен, онда біз де орыз князьдіктерінің Алтын Ордаға бодан болғанын есіне салайық. Тіпті, бүгінгі Ресейдің негізін салған Мәскеу князьдары Алтын Орда билеушісінің аяғын сүю рәсімін атқарғандығы талассыз шындық. Осыны негізге алсақ, онда қазіргі кеудемсоқ Ресей де бұрынғы ата-бабаларының мүддесіне опасыздық танытып отыр деген сөз.

Шекараға қатысты текетірес басталғалы бері Ақорда мен Кремль дипломатия шеңберінде ғана әрекет етуде. Путиннің жаршысы Песков Ресейдің сыртқы саясатын федерация басшысы ғана айқындайтынын қадап айтты. Яғни, Никонов, Федеоров, Лимонов, Жириновскийдікі есек дәме ғана. Қанша жерден өңешін жыртып аңыраса да Қазақстан үшін түк мәні жоқ мәлімдемелер болып қала береді.

Мұхан Исаханның жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297