Жұма, 22 Қараша 2024
Өзгелер 3420 3 пікір 29 Желтоқсан, 2020 сағат 15:18

Көршілеріміз жылды қалай аяқтады?

Биылғы жыл ешкімге ауыр соқпағаны белгілі. Экономикасы дамыған  АҚШ-тың ЖІӨ-нің құлдырауы 4-6% деп жатса, еуропа елдерінде 8%-дан жоғары деген мәліметтер таратуда. Бұл елдердегі жағдайдың осы мәліметтерге жанасатыны рас. (АҚШ-ғы сайлау машахаты, нәсілдік ереуілдер, мұнайға сұраныстың азайуы, Еуропадағы ауыр өнеркәсіпке сұраныс пен туристтердің азаюы, жұмыссыздар мен босқындардың көбеюі т.т. мұның бәрі экономикаға тікелей әсер етуші факторлар болып табылады).

Менің тоқталғым келіп отырғаны (алысты қойып), Орталық Азия мен біздің көршілеріміздің бұл сынақтан қандай экономикалық көрсеткіштермен шыққандығы. (Нақты көрсеткіштерін көрсетіп терең талдау жасауға уақыт тапшы болғандықтан, "көзбен көріп" тұрғандарыммен-ақ жазып көрмекпін)

ӨЗБЕКСТАН

Өзекеңдер бұл індетке әу бастан біршама дұрыс дайындалып, экономикасының негізгі бөлігін қамтитын ауыл шаруашылық өнімдері мен көлік сату өндірістерін реттеп, қамданып отырғандарын байқадық.

Мысалы: Көктемде біздің дихандар өз өнімдерінің негізгі тұтынушылары Ресейге қырыққабаттарын(капуста) өткізе алмай, өнімдеріміз егіс алқаптарында жинаусыз қалғанда, өзекеңдер біздің шекарамыздан шіреніп өтіп Ресейге тікесінен тартып жатты. (Тіпті, біздердің бірәз дихандарымыз өзбекстаннан құжат дайындатып, шекарадан солардың көліктеріне тиеп өткізген деген хабарларда жетіп жатты)

Айтпағым, Өзбекстан үкіметі алдағы болуы мүмкін төтенше жағдайға жақсылап дайындалғандығын көрсетті. Оның тағы бір мысалы көлік өндірісі мен оны сату саласы бойынша да саудасы айтарлықтай бәсеңдегенжоқ.

Дәрі-дәрмектің де бірәз бөлігін сол жақтан сатып алғанымызды ескерсек, ол сала да айтарлықтай тоқырауға түспеген.

Халықаралық Валюта Қорының ХВҚ(МВФ) мәліметі бойынша Өзбекстан елінің 2019-шы жылмен салыстырғанда, 2020-шы жыл экономикасының өсу қарқыны 0,7%-ды құраған. Ал, ХВҚ-ның болжамы бойынша келесі 2021-ші жылы бұл көрсеткіш 5%-ға жетуі мүмкін дейді.

Яғни, Өзбекстан елі биылғы ауыр жылдың өзін аздап болса да ілгерілеу көрсеткішімен шықты.

РЕСЕЙДІҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Биылғы жыл Ресейге де оңайға соққан жоқ. Ертеректе басталған "Сирияны тұрақтандыру компаниясы" мен Украйнаның екі облысын керекті "қажеттіліктермен" қамтамасыз ету үлкен шығынды керек етіп келген болса, өзіне қосып алған Қырым түбегіне қажетті инфроструктурасы мен әлеуметтік қамсыздандыру шараларына да бөлінетін шығыны аз болып тұрған жоқ.

Өйткені, Қырым түбегіне салған инвестицияны ішкі туризммен жабамыз деген жоспарларын, биылғы індет күл-паршасын шығарды. Ол сала тоқырап тұрғандықтан, бұл түбек толықтай мемлекет дотациясына отырып, онсызда кірісі азайған бюджетіне ауыр соғуда.

Бұған қосымша жыл басынан басталған Ресейдің шығысындағы ішкі және батысы Белоруссиядағы сайлаудан кейінгі митингілер де экономикасына кері әсерін тигізуде.

Ал, соңғы айларда болған Армения мен Әзірбайжан қақтығысы "жығылғанға жұдырықтан" кем әсер еткен жоқ.

Ресейдің бюджетінің басым бөлігі дәл біздікіндей мунай-газ саудасынан түсетін ескерсек, мұнай мен газға деген әлемдік сұраныс азайып, бағасы пайда беретін ең шекті бағаға әупірімдеп түсіп-көтеріліп тұрғанда, әрі жақын арада бағасының көтерілуі болжанбай отырғандығын ескерсек, айтарлықтай бюджет тапшылығын сезініп отырғандықтары айдан-анық.

Сондықтан, олар да бюджет тапшылығын Ұлттық Қорларынан жауып отыруға мәжбүр болып отыр. Болжам бойынша дәл осы қарқынмен кете берсе, алдағы 3-5 жылда жинаған Ұлттық Қорларын(қалай аталатыны маңызды емес) тауысулары мүмкін екендігін өздерінің сарапшылары да айтуда.

ЖІӨ-ін былтырғы жылмен салыстырғанда 9-10%-ға кеміген. Бұл Ресейдің Экономикалық Даму Министірлігінің берген ресми мәліметі бойынша.(Ал, шынайы көрсеткіші бұданда төмен болуы ықтимал дейді шетелдік сарапшылар)

Арнайы шаралар қолданғанның өзінде, тек 2022-ші жылы ғана 2019-дағы көрсеткішке жетуі мүмкін екен.

Эуразиялық Одақтың жалпы экономикасының 80% шамасын құрайтын Ресейдің осылай құлдырауы, өзімен бірге одақтың өзге де мүшелерін төмен қарай құлдыратып, экономикаларына кері әсер ету қауіпін айтпаса да түсінікті шығар.

АЛ, ҚЫРҒЫЗДАР ШЕ?

Бұл елдің де экономикасының індеттен үлкен зардап шеккенін, әрі мемлекеттік төңкерістен-төңкеріс болып жатқанын ескеріп, көп созбай-ақ ХВҚ(МВФ)-ның мәліметін жарияласам жеткіліктң болатын секілді.

ХВҚ-ның(МВФ) мәліметі бойынша, Қығызстан экономикасы соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз қазіргі экономикасы 1995-ші жылдағы көрсеткішінен де төмендеп кеткен деген сөз.

Кризис бүгін тоқтаған күннің өзінде, экономикасының қайта өрлеу қарқына тек 2022-ші жылдары ғана мүмкін дегенді болжамдап отыр.

ТҮРКІМЕНСТАН

экономикасының бізге әсері нөлге таяу болғандықтан, бұл елдерге тоқталғым жоқ.

АЛ, ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ДА, ӨЗДЕРІ ДЕ АЙҒА ҰШТЫ!

Рас айтамын. Орысша айтсам "в буквальном смысле". Бірақ, бәрін басынан бастап, бұған соңында оралсақ.

Қытай әлемдік кризис кезеңінде экономикалық даму көрсеткіші 3%-дан жоғары көрсеткішке жеткен бірден-бір ел болғандықтан, осы елдің кризисті еңсеру жолына көбірек тоқталғым келіп тұр.

Алдымен пандемия басталған кварталындағы экономикасының тоқырау көрсеткіштеріне тоқталып өтейін.

Ауыл шаруашылық өндіріс саласы 3%-ға

Өндіріс саласы 1%-ға

Қаржы саласы 1%-ға

Инфамациялық технология саласы 16%-ға

Құрылыс саласы 82%-ға

Көпшілік тамақтану саласы(обще.пит) 88%

Ғимарат жалға алу 88%

Тамақ өндірісі 88%

Жылжымайтын мүлік саудасы 88%

Көлік қызмет түрлері 88%

Өңдеу өндірісі 90%

Программалық қамтамасыз ету 80%

Коммерциялық қызмет түрлері 80%-ы тоқырауға ұшырады.

Осы жоғарыдағы көрсетілген салалардың шамамен 19%-ы банкротқа ұшырады.

Шетелдік сарапшылар осындай шығынға ұшыраған Қытай экономикасының қайта көтеріле алмайтынын айтып, әлемдік компаниялардың бұл елден өз активтерін ертерек шығаруды ұсынып дабыл қағып жатты. Бір сөзбен айтсақ Қытай енді құлдыраған үстіне құлдырай бастайды деген қортынды шығарды.

Бірақ, екінші кварталының жартысынан бастап бастап шетелдік сарапшылардың болжамдары теріске шығып, экономикасы қайтадан өсу қарқынын көрсете бастады.

Ал, жылдың соңында экономикасының өсу қарқынын 3-4% пайызға жеткізіп, әлемдік кризись кезеңінде экономикасын оң көрсеткішпен аяқтаған бірден-бір ел болып отыр(майда-шүйде елдерді есепке алмағанда).

Енді, осындай көрсеткішке қалай қол жеткізді?

Өздеріңіз білетіндей ішкі тәртібінің арқасында індетті тез ауыздықтаған Қытай елі, экономикасын тұрақтандыруға дер кезінде нақты қадамдар жасау арқылы тоқыраудан алып қалды.

Мысалы:

1) Кәсіпорындар мен олардың қызметкерлеріне түрлі салықтар мен сақтандырулардың мөлшерін азайтты.

2) Шағын және кіші, жеке кәсіпкерлерге барлық салық түрлерінен 2022-ші жылға дейін шегерді.

3) Барлық қаржы орталықтары 25-ші Қаңтар мен 15-ші мамыр аралығындағы қарыздарын қайтара алмаған 2,5 млн борышкерлерінің қарызын кейінге шегерді.

4) Пандемиядан зардап шеккен өңірлерде зардап шеккен кәсіпкерлерге көмектесуге және сол өңірлердің медицина саласына деп 300 млрд$ жергілікті атқарушы органдарға бөлінді.

5) 150 млрд$ бюджет тапшылығын Ұлттық Қорынан жауып, мемлекеттік шығындарына тағыда қосымша 150 млрд$ бөлді.

6) Эпидемиямен күреске 150 млрд$ Мемлекеттік құнды қағаздарын(Гособлигации) шығарды.

7) Зардап шеккен провинцияларындағы шағын және орта кәсіпкерлерін бір жылға салықтан толықтай босатты

8) Көлік, көпшілік тамақтану орындары, туризм салаларында қызмет жасаушылар үшін ғимараттарын жалға берушілерге, жалға беру ақысын екі есеге түсіруді туралы талап қойылды.

9) Жергілікті атқарушы органдары қажетті кәсіпкерлерге субсидия бөлуге міндеттелді.

Осындай нақты атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мамыр айының 20-сы күнгі мәлімет бойынша тоқырауға ұшыраған салалардың 91%-ның жұмысы қайта жанданды. Үшінші кварталда транспорт, қоғамдық тамақтану және қоймаларды жалдау салаларынан басқасы толықтай бастапқы даму қарқынын көрсетті.

Өзге дамушы мемлекеттердің экспорт көлемі кеміп жатқанда, Қытайдың экспорт көлемі бірден 21%-ға артып өзінің рекордтық көрсеткішін жаңартты.

Мұнай бағасының арзандағанын пайдаланып күндігіне 12 млн тонна, газдың 8 млн куб сатып алып рекордтық көрсеткішін жасады(кризиске дейін 1,5 млн т алып келген). Жалпы 2020 жылы сырттан сатып алған мұнай көлемі 600 млн т асып жығылды.

Қытай басшысының 29 қазандағы мәлімдемесіне сүйенсек, Қытай елі бұдан былай 2025-ші жылға дейін экономикасын тек экспортқа емес, керісінше ішкі рыногқа көбірек бағыттап, тұрғындардың тұтынушылық сатып алу қабілетін арттыруға негізделетін бағытқа ойыспақ. Бұл дегеніміз (жапония секілді) халқының өмір сүру сапасын көтеруге, жоғарғы технологиялар мен қызметтер еліне айналуға ұмтыламыз дегені. Бұдан былай Қытай елі тұтынушы елге айнала түспек. Демек, біздерге өзіміздің АШ өнімдерімізді өткізетін рынокты алыстан іздеп әуре болмаймыз. Мына қарқынмен олар бұл жоспарларына жақын болашақта жетулеріне ешқандай кедергі көріп тұрғаным жоқ.

Мысалы: 1992-ші жылы космосты игеруге арналған бағдарламаларын қабылдағалы, 28 жылда бұл салада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Көп созбай соңын айта салайын.

Қытай өз күшімен космосты игеріп, айға аппарат ұшырып, ол жақтан жер қыртысының "топырағын" жерге алдырған үшінші мемлекет болып, биылғы жылды тарихи жыл етіп аяқтады.

Мұндай жетістікке заманының дүрілдеп тұрған шағында, тек АҚШ пен СССР ғана жете алған. Соңында үлкен шығындарына шыдай алмай, оларда тоқтатқан.

Сондықтан, сен мойындасаң да, мойындамасаң да, бүгінгі Қытай елі әлемдегі космостық үш державаның бірі. Әлем әзер күнін көріп жатқанда, олар айға аппарат ұшырған ел.

Түріктер 20 жылда БПЛА "Байрактар" жасап шықса, Қытай 28 жылда Айға барып қайтты. Жетістіктер деңгейінің айырмашылығын түсіне алатын шығарсыздар?

28-ақ жылда!

Ал, біз ше?!

Байқоңырдың үстінде отырып, 29 жылда бұл салада қандай жетістікке жеттік?

Ммм.....?!

Біздің экономикамыз көрші елдермен тығыз байланыста болғандықтан, олардың жай-күйін үнемі бақылап отырғанымыз абзал. Кіммен көбірек экономикалық қатынас орнатудың тиімді екендігін үкімет ойластыра жатар. Меніңкі тек өздеріңізбен өзімнің бейтарап зерделеуіммен бөлісу. Пайдасы болса құба-құп!

(Келіспеуге де хақыңыз бар)

Сөзімнің соңын қазаққа белгілі екі тұлғаның сөздерімен бітіргім келеді:

1) “Біз атқа мінгенде бүкіл дүние жаяу жүр еді. Біз шалбар кигенде бүкіл дүние жалаңбұт жүр еді. Біз жазу шығарып, жыр толғаған кезде қазіргі Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан. Біз айбынды мемлекет түзіп, жарты əлемді билеп отырған кезде бүгінгі заманның ең озық жұрттары тайпалық құрылым деңгейіне жеткен. Біртұтас ұлы түркі халқы мың жыл бойы салтанат құрды, ғылым мен өнердің озық үлгісін жасады, рухы биік, аруағы үстем, күш-қуаты артық болды. Кім білер, кім сенер, біз сондай да сондай едік!”

Рүстем Ашетаев

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279