Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3011 3 пікір 31 Желтоқсан, 2020 сағат 14:24

«Nur Otan» партиясы жылыжай кәсібін дамытуды қолдайды

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ​кәсіпкерлерді қолдау орталығының басшысы А.Муталиеваның қатысуымен жылыжай салуды қолдау мақсатында жиын өтті.

Жиынды Келес аудандық филиалының сайлауалды штабының төрағасы Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы жүргізіп, дөңгелек үстелдің мақсатын айтып, ​ Келес ауданында қазіргі таңда 76 гектарға жуық жылыжай бар, жылыжай салуды көбейту мен мемлекет тарапынан жеңілдіктерді алуға ​ықпал жасау үшін ​қолдауды талқылады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшысы Айнұр Муталиева кәсіпкерлік саласы мен аудандағы шаруа қожалықтарының ​ проблемелары мен қазіргі таңда жылыжай салуды ​қолдау бойынша​ өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі таңда егіске қаржылық ұйымдар тарапынан берілетін несиелерді мерзімінде берілмейтіні, құжаттарын қарау мен шешім қабылдаудағы қаржылық ұйымдар тарапынан кедергілер жайлы айтып өтті.

А.Жұмабеков жиынды қорытындылап ауыл округ ауыл шаруашылық мамандары тізімі мен бағытын нақтылап және құжаттарын жинақтап қаржылық ұйымдарға ұсынуды және көктемгі егіс науқанына дейін несие алуын жолға қоюды тапсырып, бұл мәселе «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қатаң бақылауында болатынын жеткізді.

Ескерту: Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Келес аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036