Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3941 1 пікір 4 Қаңтар, 2021 сағат 10:11

Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізіледі?

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы елге тек жылдың екінші жартысында ғана әкелінуі мүмкін. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Цойдың айтуынша, министрлік қызметкерлері американдық компания өкілдерімен келіссөздерді бастады. Әзірге вакцинаның бағасы мен көлемі құпия сақталады. Тек жеткізу жолдары мен мерзімі алдын ала талқыланған.

Министрлік өз тарапынан аталған вакцинаны елге жеткізу ісін жеделдетуге өтініш білдірген.

Айта кетейік, отандық ғалымдар жасаған вакцина қазір клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған ерікті түрде мың адам қатысқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1069
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2619
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 744
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 710